Аслан Сабазұлы Абдраимов

Аслан Сабазұлы Абдраимов су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды.  

1974
Аслан Сабазұлы Абдраимов Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Аслан Сабазұлы Абдраимов бұрынғы қызметінен босатылып, су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Аслан Абдраимов 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жекеменшік компанияда бастаған. Әр жылдары құрылыс және логистика саласында жұмыс істеді.

2010-2024 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі директоры, интеграцияланған шешімдер департаментінің директоры.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу