"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті

455

"Қайрат" футбол клубы Кирилл Кекердің негізгі команданың бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті Фото: ФК "Қайрат"

44 жастағы маман өз бетімен жұмыстан кетемін деген шешім қабылдады. Кирилл Сергеевич "Қайрат" ФК жүйесінде жұмысын жалғастыра беретінін айта кетейік. Кекер негізгі команданы 2022 жылғы маусымнан бастап басқарған. Оның жетекшілігімен "сары-қаралар" 60 матч өткізіп, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы кезеңде "Қайрат" ФК Академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.

"Сары-қаралардың" үлкен ұжымы Кирилл Сергеевичке атқарған жұмысы үшін шын жүректен алғыс айтып, кәсіби қызметінде одан әрі табысқа жете беруін тілейді", — деп жазды алматылық команданың баспасөз қызметі.

Алдағы 4 мамырда өтетін "Атыраумен" болатын матчқа команданы бұған дейін "Қайрат-Жастарды" басқарған Рафаэль Уразбахтин дайындайды.

Айта кетейік, соңғы ойында 6-тур аясында алматылық ұжым қызылордалық "Қайсардан" жеңіліп қалған болатын. Қазіргі таңда команда 8 ұпаймен турнирлік кестеде 6-орынға жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу