ATAMEKEN BUSINESS
Қарағанды құю-машина жасау зауыты: өндіріс пен сауданы әртараптандыру
«Қазақмыс» компаниялар тобына кіретін Maker («Мэйкер») ЖШС-сы немесе Қарағанды құю- машина жасау зауыты (ҚҚМЗ) биылғы жылы өзінің өндірістік жаңғыртуын аяқтайды. Кәсіпорынды алдағы уақытта не күтіп тұрғанын abctv.kz. компаниясымен бірлескен арнайы жобадан оқыңыздар
Модернизация: қаржыландырудан сатып алуға дейін

ҚҚМЗ-ны жаңғырту сонау 2014 жылы басталған еді. Кәсіпорынды жаңғыртуға арналған жиынтық шығындар 61 млн доллардан асып кеткен. «Өнімділік -2020» мемлекеттік бағдарламасы арқасында зауыт кешенді жоспарды әзірлеуге кеткен 10,7 млн теңге шығынның орнын толтырып, несие ала алды. Жабдықты сатып алу мен айырбастауға байланысты болған шығындардың негізгі бөлігі немесе шамамен 85%-ы «БРК-Лизинг» тарапынан қаржыландырылған болатын. Ал қалған соманы «Қазақмыс» корпорациясы бөлді. Бөлінген қаражаттың арқасында ҚҚМЗ Чехия мен Кореядан сандық бағдарламалық басқаруы бар (СББ) он шақты дәлдігі жоғары жаңа білдек сатып алды.
Алдағы уақытта Қазақстан институтына шағын шығындарды ішінара өтеуге грантқа өтініш беру жоспарда бар. Сонымен қатар зауыт жабдықты сатып алуда салық төлеуден босатуға қатысты жеңілдіктер алуға Қазақстан инвестиция және даму министрлігімен келісімшарт жасаған.
Номенкулатурадағы өзгеріс

Бүгінгі күні ҚҚМЗ-ға жаңғырту аясында 12 млрд теңгеге 287 негізгі, көмекші және өлшеу жабдығы қойылып, пайдалануға енгізілді. Бұл ретте тау-кен жұмыстарында қолданылатын техника мен жабдық үшін қажет тауарлық өнім желісі 6,2 мың бөлшекке дейін ұлғайды
Жаңғыртудың мақсаттарының бірі – өндірілетін өнімнің номенкулатуралық позициясын 2019 жылға дейін 7 мың бөлшек түріне дейін ұлғайту және оларды шығару жылдамдығын арттыру . Бұл шығындарды оңтайландыру мен өзіндікқұнды төмендетуге қатысты ҚҚМЗ менеджменті алдына үлкен міндет қояды, ал бұл тек ішкі нарыққа ғана емес, сондай-ақ сыртқы нарыққа шығуды қамтамасыз етеді.
Сауданы әртараптандыру

Тап қазіргі уақытта ҚҚМЗ өнімінің 95%-ы «Қазақмыс» корпорациясының өндірістік қажеттіліктерін қанағаттандыруға кетеді. Алайда тапсырыстар қоржынында бөгде компаниялар да бар. Зауыттың клиенттік базаны әртараптандыруды ұлғайту ойы бар. Аса сұранысқа ие тауарлар арасында – әртүрлі бөлшектер, тау-кен техникасының тораптары, скиптер, шахтадағы аударғыштар мен вагон-арбалар бар. Сонымен қатар зауыт жарылғыш теспелерді қуаттау үшін жерасты машиналарын жаңғыртумен айналысады. Жаңа номенкулатураны игеру үшін ҚҚМЗ-да өздерінің конструкторлық және технологиялық бюросы құрылған. Бұл бюросыз машина жасау саласының жұмысын елестету мүмкін емес.

«Өкінішке қарай, қазір біздің өндірістегі импорт алмастыру үлесі 10%-дан аспайды, алайда алдағы уақытта бұл көрсеткішті 30%-ға дейін жеткізіп, тіпті халықаралық нарыққа шығамыз деп жоспарлап отырмыз» , - деді ҚҚМЗ бас технологының орынбасары Тимур Машаев.

Тимур Машаев
ҚҚМЗ бас технологының орынбасары
ATAMEKEN BUSINESS
Өнімділік үше есе артты
Жоғарыда атап көрсетілгендей, жаңғыртудың басты мақсаты – өндірістік желіні қолмен басқарылатын ескі әмбебап білдек орнына СББ бар он шақты дәлдігі жоғары жаңа білдек сатып алу арқылы толығымен жаңарту . Тимур Машаевтың айтуынша, олардың өнімділігі мұның алдында қолданылған жабдықтарға қарағанда үш есе жоғары. Жаңа жабдық ескі жабдықта атқарылатын бірнеше операцияны алмастырады. Мысалы, бұрын ҚҚМЗ ұзындығы 1,5 метрге дейін жететін бөлшек дайындай алатын, содан кейін бірнеше білдекте өнімді 3-6 метрге дейін өңдейтін. Бұл негізінен зауыттың өзінде шығарылатын тау-кен жабдықтарына арналған білік пен вагон-арбаларға арналған белдік болатын.
«Бұл TOS Warnsdorf WRD 150Q үлігісіндегі көлденең жону білдегі – біздің мақтанышымыз деуге болады. Бізде ұзындығы тоғыз метрге, биіктігі үш метрге дейін жететін көлемді бөлшектер көп болғандықтан оны сатып алдық. Оларды тек осы жабдықта ғана өңдеуге болады. Білдектің құны миллион доллар тұрады. Бұл жерде тек тереңдігі үш метрге дейін жететін іргетасқа көп бетон кетті. Бұл білдекті тек сатып алып келіп, қоя салған жоқпыз, оны құрадық», – деп атап кетті Тимур Машаев.

«Бұл чехиялық Tajmag білдегін әмбебап жабдықпен салыстыратын болсақ, онда Tajmag білдегін үш кординатты фрезерлік өңдеу орталығы деуге болады. Ол үш әмбебап білдекті, яғни фрезерлік, бұрғылайтын және кеулей жонуды алмастыруға мүмкіндік береді. Оның өнімділігі өте жоғары. Кейбір бөлшектердегі заманауи майлап суыту материалдары, импортттық құрал мен заманауи технологиялардың есебінен өңдеу жылдамдығы үш есе қысқарады. Тап осындай білдек 300 мың доллар тұрады», – деп түсіндірді Машаев.

ATAMEKEN BUSINESS
«Индустрия 4.0»
ҚҚМЗ-ны жаңғырту кәсіпорынның цифрлануын қамтамасыз ететін «Индустрия 4.0» дәрежесіне көшуде басты қадам болмақ. Былайша айтқанда, зауытты жаңғырту тек жабдық сатып алумен ғана шектелмейді, сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізуді қарастырады. Негізінен зауыт Siemens компаниясының бағдарламалық қамтамасыз етуін, оның ішінде Siemens NX өнімдері мен TeamCenter өнімінің жұмыс істеуін басқару жүйесі арқылы іске асырады. Олар бірлесіп кәсіпорынның электронды, конструкторлық, технологиялық дайындығы жүйесін қамтамасыз етеді. Оның ішінде өнімнің өңдеу дәлдігіне Zoller маркалы микроскопты пайдалану арқылы қолжеткізіледі. Микроскоп өндірістік зертханада құралдың ұзындығын білдектен тыс анықтауға септігін тигізеді.

«Бөлшек, технологиялық процестер бұрынғыша қолмен емес, толығымен электронды түрде жазылады да, жұмыскердің қолына заманауи технологиялық процесс пен басқару бағдарламасы келіп түседі. Жұмыскер осы бойынша бағдарламаны әзірлейді», - дейді Тимур Машаев.

Тимур Машаев
ҚҚМЗ бас технологының орынбасары
ATAMEKEN BUSINESS
Істің кілті маманда
Зауытты жаңғырту үрдісі аяқталуға жақын. Қажет жабдық 2017 жылы сатып алынған. Биылғы жылы оны орнату мен пайдалануға беру жүргізілді. Ендігі соңғы кезең – адамдар. Компанияның өндіріс және тиімділік бойынша мақсатқа жетудегі басты мәселесі – қызметкерлерді дайындау.

Бүгінгі күні кәсіпорында 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның 100-і СББ-учаскеде жұмыс істейді. Бұл ретте негізгі технологиялық учаске жұмыскерлерінің 75%-ы жергілікті кадр екенін айтып кету керек. Ал қалғандары жаңғырту аясында ТМД елдерінен тартылған мамандар. Жыл сайын зауыттағы желілік қызметкерлер жұмыскердің дәлдігі жоғары жаңа білдекте жұмыс істеуге дайын екенін растау үшін қайта аттестаттаудан өтеді. Тіпті егер СББ бар жаңа білдектер жеңіл-желпі бұзылып қалатын болса, онда оларды өндіруші-зауыттың мамандары кепілі бойынша жөндеп береді. Дегенмен зауытқа жоғары білікті мамандар ауадай қажет.
« Өкінішке қарай, біздегі ең басты проблема кадр мәселесі. Зауытта жұмыс істеп жүрген жұмыскерлер жаңа, заманауи жабдықта жұмыс істеуге дайын болмаған кезде жаңа жұмыскерлерді қайдан алатынымызды білмей дал болдық. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін Қарағанды техникалық университетінің кафедрасымен бірлескен ұйым құрдық. Осыған қатысты жоба әзірленіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, кәсіпорын аумағында СББ операторларын оқыту үшін ең заманауи жабдықпен және тіреу моделдерімен жабдықталған арнайы компьютерлік оқу сыныптары ұйымдастырылды. Сондай-ақ Қарағанды технологиялық университетінің өзінің аумағында оқыту сыныптарын ұйымдастыру жұмыстары аяқталып қалды және бірлескен бағдарлама толық жасалып бітті. Енді екі жылдан кейін, яғни 2019-2020 жылдары нақты біздің жабдықта жұмыс істейтін біздің кәсіпорынның бағдарламасы бойынша дайындалған студенттердің алғашқы легі бітіріп шығады», – деді Тимур Машаев.

Тимур Машаев
ҚҚМЗ бас технологының орынбасары
ATAMEKEN BUSINESS
Юлия Кузнецова, cандық бағдарламалық басқару бар білдек операторы
Осыдан жеті ай бұрын ғана зауытқа жұмысқа тұрған Юлия Кузнецова қыз балаға әмбебап білдектерге қарағанда СББ бар білдектерде жұмыс істеу оңай деп есептейді. Ол ҚАРМТУ-ды бітіргеннен кейін, бірден ҚҚМЗ-ға жұмысқа тұрған.
«Білдекті дайындайтын бөлшекке икемдеп, құралдың жөнделуін орнатамыз, одан әрі қарай технологтар бізге бағдарламаны орнатып береді. Содан кейін бөлшекті бағдарламаға сәйкес өңдейміз. Менің міндетім – өңдеу процесін бақылап, өлшемдерін дер кезінде алу.Сөйтіп соңында дайын бөлшек пайда болады. Білдектердің дәлдігі керемет, сондықтан бөлшектің өлшемі де тура болып шығады. Қарапайым жабдықтағы жұмыспен салыстыратын болсақ, жаңа білдекте бөлшекті өндіру мерзімі қысқарады», – дейді Юлия Кузнецова.

Юлия Кузнецова
Сандық бағдарламалық басқару бар білдек операторы
ATAMEKEN BUSINESS
Ұлан Абеков, механикалық жинақтау цехының аға шебері
Өлшемді сақтаудағы қиындыққа қарамастан, жабдықтың қазіргі заманға сай болуы және функционалдың оның жабдығын жөндеуді жетік білуінен, Юлияға зауытта жұмыс істеу қызықты. Оған қоса қызметкердің білімі мен тәжірибесі толысққаннан кейін, өнімділік 20%-ға артты деп Ұлан Абеков abctv.kz –пен болған әңгімеде атап кетті.
«Жаңғыртудың арқасында жабдық айырбасталып, білдек, бағдарламалық басқару енгізілді. Бұл еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттырды. Тап қазіргі кезең күрделі бөлшектерді дайындау мүмкіндігін кеңейтті. Қазір үлкен көлемдермен жұмыс жасап, дайындауға білдектерді бағдарламамен қамтамасыз етеміз. Бір орнатқанда дайын өнімді жасап шығарып, бір білдекте бірнеше жұмыс жасалады», – деді жұмыскер.

Улан Абеков
Механикалық жинақтау цехының аға шебері
ATAMEKEN BUSINESS
Өндірістік қауіпсіздікті жақсарту
« Жаңа жабдық Қазақстан Республикасының қауіпсіздік стандартына сәйкес келеді. Жабдықта жұмыскерлерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын сызбалар қолданылған. Аталған жабдықты қолдану жұмыс орындарының қауіпсіздігін арттырды. Жұмыскерлерге жеке қорғану құралдары мен арнайы киімдер беріледі. Жыл сайын медициналық тексеріс жүргізіліп, жұмыскерлер оқытылады. Жабдық пен технологиялар жетілдіріледі», – деді Maker ЖШС-ның өндірістік қауіпсіздік және еңбек пен экологияны қорғау бөлімінің басшысы Думан Абеев.

Думан Абеев
Maker ЖШС-ның өндірістік қауіпсіздік және еңбек пен экологияны қорғау бөлімінің басшысы
Аралық нәтижелер

ҚҚМЗ-ны жаңғырту соңғы жылдары өндірісті екі есе 4,021 млрд теңгеден (2016 жылы) 7,8 млрд теңгеге дейін (2018 жылы) арттыруға мүмкіндік берді. Қызметкерлер құрамы жақсартылғаннан кейін, кәсіпорын жаңғыртудың нәтижесін одан сайын көрсете түседі. Әсіресе, оны өзіндікқұн, жаңа өнімдер есебінен өндіру көлемі мен тиімділіктен көруге болады.
«Бүгінгі таңда зауыт күрделі тораптар мен агрегаттарды сатып алудың орнына оны өзі дайындай алады. Дайындаумен айналысып, әзірге Caterpillar машиналарының бір бөлігін жөндеп жатырмыз. Негізінен, бұл шөміш, тұтқыш-шөміш, яғни жүктемемен жұмыс істейтін заттар. Бұл тораптар тез тозып, бұзылады, көбінесе олар жөндеуді қажет етеді», - деп қорытындылады Тимур Машаев.

Тимур Машаев
ҚҚМЗ бас технологының орынбасары
Жоба жетекшісі: Арман Джакуб
Дизайн және беттеу: Максим Лубенко
Корректор: Яна Рябцева
Мәтін: Данияр Серіков
Фото: Мария Матвиенко
Аударма: Гүлназ Ермағанбетова