- қазақстандағы ең ірі АЖҚС желісінің даму тарихы
Qazaq Oil
Ребрендинг
2019 жылы PetroRetail "ҚазМұнайГаз-өнімдер" ЖШС активтерін сатып алды. Мәміле 2020 жылы аяқтала салысымен, жаңа акционер компанияны қайта құруға бағытталған ауқымды бағдарламаны бастады.
2018 жылы Қазақстанда мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасы басталды. Компаниялардың тізімі жасалды. Олардың қатарына еліміз бойынша өзімен аттас АЖҚС-тер желісіне иелік ететін "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-ның еншілес құрылымы "ҚазМұнайГаз-Өнімдері" ЖШС қосылды.
Сол жылдың қазан айында Qazaq Oil брендімен алғашқы жанармай құю бекеті пайда болды. 2022 жылдың соңына қарай "ҚазМұнайГаз" брендімен жұмыс істеген барлық 382 АЖҚС-тің 220-дан астамы Qazaq Oil ребрендингінен өтті.
220
154
Компанияның басты мақсаты
- сапалы отын, түрлі тауарлар мен мінсіз сервисті ұсынатын жанармай құю бекетінің ұлттық желісін құру.
64 млрд теңгені құрайтын инвестициялық бағдарламаның 60%-ы орындалды
Бөлінген қаражат:
Компанияның активтері мен бизнес-процестерін, соның ішінде инженерлік коммуникацияларды ауыстыруға, құю эстакадалары мен мұнай базаларын күрделі жөндеуден өткізуге,тіпті, жанармай құю станциялары аумағындағы асфальт-бетон жабындысы жаңартуға;

Мұнай базаларындағы сұйық отын резервуарларын жаңартуға немесе ауыстыруға;

Жанармайды миллилитрге дейінгі дәлдікпен құюға кепілдік беретін жаңа Gilbarco отын тарату кешендерін орнатуға;

Отын қорларын басқаруды, мұнай өнімдерін шығаруды және жеткізілім логистикасын бақылау процестерін цифрландыру мақсатында;

Кассалық аймақты, сондай-ақ сауда-тоңазытқыш жабдықтарын толық жаңартуға жұмсалады;

Нәтижесінде тұтынушыларға қызмет көрсетудің еуропалық стандарттары енгізілді;

Сатылатын тауарлар желісі толығымен жаңартылды;
2023
2022
2021
25 млрд теңге
64 млрд теңге
39 млрд теңге
2020
Тиімді сауда - жарнамалық бағдарламалар мен ұсынылатын тауарлардың көптігі сауда-саттықты ыңғайлы етіп қана қоймай әрі тиімді етеді, яғни Qazaq Oil клиенттеріне бонустық ұпайларды жинауға мүмкіндік береді.
Компания тұрақты клиенттер үшін арнайы Vlife бейілділік бағдарламасын әзірледі.

Vlife бағдарламасы 500 мыңнан аса адамды қамтиды.

Бағдарламану пайдаланудан сату көлемі ай сайын өсіп келеді.

Qazaq Oil АЖҚС желілерінде жүргізілетін ақшалай аударымдардың 30%-нан астамы Vlife бағдарламасы арқылы жүргізіледі.

Бонустық бағдарлама - 170-тен астам мерчанттар мобильді қосымша арқылы өз тауарлары мен қызметтерін ұсынып, бағдарламаға қатысып келеді.
Бейілді клиент - жетістіктің кілті
Біздің мақсат - сапасы мінсіз, бағасы қолжетімді жанармай мен қызмет ұсыну.
Qazaq Oil қызмет көрсету сапасына ерекше көңіл бөледі. Ыңғайлы орта мен ерекше қамқорлық - тұрақты клиенттердің артуына бір қадам.
Qazaq Oil - Қазақстан жолдарында таптырмас серік
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-мен бірлесіп жол бойындағы қызмет көрсету нысандар желісін дамыту бойынша Меморандум жасалды. Құжатта автокөлік жуу мен тамақтану орындарынан бастап, қонақүй инфрақұрылымдарына дейінгі қызметтер кешенін қолдау көзделген.
Серіктестерге мұнай өнімдерінің сапасын сараптау, сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер.
Q-cafe фаст-фуд желісін дамыту мен кеңейту.
Компания жол бойындағы қызмет көрсетуді толыққанды дамытуға инвестиция салуда.
Мұнай өнімдерін сату – бөлшек саудадан басқа әртүрлі форматтар (үлкен және кіші көтерме сауда).
Орташа мерзімді мақсат – шамамен 600 нысан салу.
2 жыл ішіндегі экономикалық әсер
Жанармай сату 60%-ға, айына 161,4 млн м3дейін өсті

Тұтыну тауарларын сату 10 есе өсті
*2022 жылғы қаңтар-қараша деректері
PetroRetail ЖШС Қазақстан бюджетіне салған салық төлемдерінің көлемі (млрд теңге)
14
0
2
4
6
8
10
12
2022*
2021
2020
2019
2018
9,76
5,18
9,31
0,43
0,0022
БІР ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТӘУЛІКТІК САТУ КӨЛЕМІ
2022 ж.
10,2 мың
литр
2022 ж.
2020 ж.
2020 ж.
14,7 мың
литр
ХТТ
₸300 мың
₸30 мың
Әділетті жұмыс беруші - лайықты жалақы
Инвестициялық бағдарламаны табысты іске асыру соңғы2 жылдақызметкерлердің жалақысын57-65%-ғаарттыруға мүмкіндік берді
Әр бесінші жүргізуші бізге сенім білдіреді
Qazaq Oil
- сапалы жанармай
Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу нарығындағы компанияның нарықтық үлесі
25%
Компания активтері
Qazaq Oil шағын және орта бизнесті белсенді қолдайды әрі оны дамытуға өз үлесін қосып келеді, бүгінде компанияның 100-ден астам жанармай құю станцияларын жеке кәсіпкерлер атынан серіктестер басқарады. Осы жерде франчайзинг бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Qazaq Oil барлық стандарттар мен талаптарды ұсына отырып, отынмен және ТНП қамтамасыз ету арқылы серіктестердің қызығушылығын оятады. Қазіргі уақытта Франчайзинг принципі бойынша барлығы 25 Qazaq Oil жанармай құю бекеті жұмыс істейді, алдағы жылдары олардың саны арта түспек.
Qazaq Oil шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жобаларды табысты іске асыруда. Мұнда Франчайзинг бағдарламасы – DODO (Dealer owned – Dealer operated) іске қосылды. Серіктеске жаңа жанармай құю станциясын салу немесе Qazaq Oil брендімен жұмыс істеп тұрған нысанды дамыту ұсынылады. Компания жанар-жағармайдың әр литрінен сыйақы кепілдігі мен ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынуға дайын. Серіктес мұнай өнімдері мен тұтыну тауарларын сатқаннан кейін маржаның 60%-ын алатынына сенімді бола алады. Қазіргі уақытта 11 Qazaq Oil ЖҚС DODO бағдарламасы аясында жұмыс істейді, оның екеуі Шымкент пен Түркістан облысында, үшеуі Қостанай облысында орналасқан.
Артықшылығы: шағын және орта бизнес үшін үлкен айналым капиталын қажет етпейтін отынды тікелей жеткізу
ШОБ-ты қолдау
Мұнай өнімдерінің сапасын бақылау
Жарнамалық
акциялар өткізу
Құрылысқа арналған учаскелердің әлеуетін бағалауды жүргізу
Жанармай тек PR-дан жеткізіледі
Клиенттік базаны кеңейту
Стандарттарды, брендбукты және тауар белгісіне құқықтарды ұсыну
Inbusiness.kz арнайы
Qazaq Oil үшін

Жобаны жүзеге асырғандар:
Жоба жетекшісі: Арман Джакуб
Дизайн: Ахтам Зиперов
Беттеуші: Әділ Құланбаев
Корректор: Яна Рябцева, Гүлназ Ермағанбет
Аударма: Динара Мұрат