Рәміздер
экономикасы

Биыл «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңның қабылданғанына 11 жыл толды. Ту, елтаңба және гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Бұл саладағы бизнестің қалай жұмыс істеп жатқаны жайлы – abctv.kz-тің арнайы жобасында

Ұлттық рәміздерді мемлекеттік сатып алу көлемі
Үш жыл ішінде ұлттық рәміздерді мемлекеттік сатып алу 11 есе өскен.
Рәміздер экономикасы
Өнім түрлері
Ұлттық нышандарға деген негізгі сұранысты мемлекет пен оған бағынышты мекемелер қалыптастырады. Сондықтан, мемлекеттің қажеттілігі үшін тауарлар сатып алынатын мемлекеттік сатып алу порталына көз жүгіртсек, олардың басым бөлігі елтаңба, ту, тутұғыр және тутуғырға арналған ұштық болып отыр.
Ту
• Жібек матадан, тікбұрышты пішін
• Полиэфирлі матадан тікбұрышты пішін
• Атлас матадан тікбұрышты пішін

Елтаңба
• Гипстан
• Көлемді, барельефті
• пластикалық

Ұштық
• Тутұғырға арналған
Тутұғыр
• Метал
• Ағаш
• Пластмасса


Мемлекеттік сатып алулардың негізгі көлемі елтаңбаға тиесілі
Мемлекеттің елтаңбаға деген сұранысы жылына шамамен 40 мың дананы құрайды, бұл барлық сатып алудың 75%-на тең.
Рәміздер экономикасы
Қазақстан Республикасының елтаңбасы әлемдегі ең күрделі елтаңбалардың бірі. Ол 40 түрлі элементтен тұрады, оның әрқайсысының өзіндік мағынасы бар.
Ту сатып алуға арналған мемлекеттік шығыстар екінші орында тұр
Мемлекеттік органдардың рәміздерді сатып алуға жұмсайтын қаражатының әрбір бес теңгесі байраққа жұмсалады.
Рәміздер экономикасы
Ұлттық рәміздерді өндіруге мемлекеттік сатып алудың әрбір оныншысы тутұғырға тиесілі
Сатып алудың жалпы сомасы басқа рәміздермен салыстырғанда шамалы, бірақ соңғы төрт жылда өсім жеті есе асып түскен
Рәміздер экономикасы
Тутұғырға арналған ұштық дайындау төртінші орынды иеленеді
Рәміздер экономикасы
Жыл басында лицензия алушылар тізімінде 63 мемлекеттік рәміз дайындаушы тіркелген. Мұндай мәліметті Инвестиция және даму министрлігінің реттеу және метрология комитеті келтіріп отыр. Дайындаушы-компаниялар өнімнің негізгі бөлігін мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы сатады.
Мемлекеттік сатып алу порталының
2017 жылғы статистикасы
2983
лот саны

250
Сатып алулар конкурстары жеңімпаздарының саны
1,062 млрд тенге
бюджет
Мемлекеттік рәміздерді ірі жеткізушілер
10 шақты компания мемлекеттік рәміздерді негізгі жеткізушілер болып табылады, оның ішінде:
Рәміздер экономикасы
Мемлекеттік рәміздер өндіретін зауыт
Ұлттық рәміздерге деген сұраныстың өсуі олардың өндірісіне инвестиция ағынын тудырды. 2017 жылы Қазақстанның елордасында алғаш рет мемлекеттік рәміздер өндіретін зауыт ашылды. Өндірістік алаң «Астана- жаңа қала» индустриялдық аумағында орналасқан. Abctv.kz Industrial Company Zoom ЖШС-ға тиесілі нысанда болып қайтқан еді.

2017 жылы зауыт лицензия алып, жұмысын бастады. Бұл Қазақстандағы мемлекеттік рәміздерді өндіруде геометриялық құрылым мен алуан түсті шешімдер бойынша стандартқа сәйкес дәл өнімді алуға мүмкіндік беретін толық автоматтандырылған өндірістердің бірі.

Рәміздер экономикасы
Мемлекеттік рәміздер өндіруші Industrial Company Zoom ЖШС зауытының директоры Темірлан Атарбаев
Zoom зауытында елтаңбаларды өндіру пластикалық елтаңбаны дайындау, алтын түсті жағу мен көгілдір түспен бояу сияқты үш негізгі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде ең көп тараған диаметрі 500 мм болатын елтаңбаны дайындаудың жылдамдығы үш минутты құрайды. Алтын түсті жағуға 30 минут уақыт кетеді. Үшінші бояу жағу кезеңі де 30 минуттан аспайды. Автоматтандырылған процесс әр бұйымды алдыңғысынан айнақатесіз етіп шығарады . Стандартта ғимараттың қабатына байланысты елтаңбаның көлемі қандай болу керектігі нақты көрсетілген. Зауыт елтаңбаның барлық көлемін – ең кішкентай 120 мм-ден бастап бес метрге дейінгісін шығарады. Ең өтімдісі – 120 мм және 500 мм.

2017 жылы Zoom зауыты шамамен 12 мың елтаңба сатып, электронды портал арқылы мемлекеттік сатып алу бойынша нарықтың жартысын иемденді.

Рәміздер экономикасы
Технологтардың әзірлеген күрделі 3Д-моделі базасында өндіру процесін одан әрі автоматтандыру мақсатында пресс-формалар жасалды.


«Кәсіпорынды құрудың қай кезеңі болсын көп қаражат пен тәуекелдерге баруды талап етті, өйткені ол кезде технология мүлдем жаңа болған еді. Дегенмен бүгінгі күні мемлекеттік рәміздерді өндіруде жоғары технологиялық, сапалы және өнімділігі жоғары процеске қол жеткіздік деп сенімді айта аламыз», – деді компания директоры Темірлан Атарбаев.
Рәміздер экономикасы
«Ту өнімдері бойынша үлкен көлемге иеміз. Өнімді тордан, габардин, атластан жасаймыз. Сублимациялық баспа және тапсырыс берушінің қалауына қарай жібек жазу технологиясы қолданылады. Ту бойынша бәсекелестік елтаңбаға қарағанда жоғары. Өнімнің алуантүрлілігін қамтамасыз ету үшін негізінен ту өнімін шығарамыз. Кейде мемлекеттік мекемелер рәміздердің жиынтығына тапсырыс береді. Біз мемлекеттік рәміздердің үш түрінің экспозициясын әзірледік. Олар – елтаңба, стенд, маңдайша жазу, ту, тутұғыр», – деді зауыт директоры.
Рәміздер экономикасы

Жоба жетекшісі: Арман Джакуб
Мәтін: Гүлназ Ермағанбетова
Сурет: Мария Матвиенко, "Industrial Company Zoom" ЖШС-ы архиві



© Atameken Business Channel, 2018
Made on
Рәміздер экономикасы
Tilda