Қорғаныс министрлігінің ісі
Денсаулық сақтау министрінің ісі
«ЭКСПО-2017» АҚ-тың бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев ұлттық компанияның қаражатын жымқырғаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айрылды. Онымен бірге осы іс бойынша тағы 22 адам тергелді. Олардың барлығының ісі сотқа жөнелтілді.
ҚР экс-премьер-министрі Серік Ахметов сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, қызметін теріс пайдаланды деп айыпталды.
ҚР экс-министрі Бағдат Майкеев пара алды, сонымен бірге заңсыз қару сақтады деп айыпталды. Ол 2014 жылдың маусым айында алты жылға сотталып, 2015 жылдың ақпанында денсаулығана байланысты жазадан босатылған.
Ауыл шаруашылығының экс вице-министрі Мүсілім Өмірияев пара алғаны үшін сотталды. Оған 2014 жылы 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шықты. 2017 жылдың қаңтар айында рақымшылық бойынша босатылды.
Денсаулық сақтау экс-министрі Жақсылық Досқалиев пара алды деп айыпталды. 2011 жылдың тамыз айында 7 жылға сотталып, 2012 жылы рақымшылық жасалып, мерзімінен бұрын босап шықты.
* ҚР Жоғарғы сотының мәліметі бойынша
Қазақстанда жоғары лауазымды шенеуніктер жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар жиілеп барады. Еліміздегі аты-шулы пара алу оқиғаларымен қазір ешкімді таңқалдыра алмайсың. Үкімет мүшелері, ұлттық компания, әкімдік басшылары пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.
Бұл ақшаға 711 бір бөлмелі пәтер тұрғызуға болады.
Бұл қаражатқа 9 940 әскери қызметкерге оқ өтпейтін кеудеше алуға болады.
Бұл қаражатқа 29 346 қаздың балапанын сатып алуға болады.
Бұл қаражатқа 7243 инсулин сатып алуға болады.
Бұл ақшаға 16 600 қазақстандыққа орташа жалақы төлеуге болады.
Ауыл шаруашылық министрлігінің ісі