Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі тағайындалды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
81 16.11.24, 20:08
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рахымжан Ержанұлы Исақұлов өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінген ақпаратта.
Рахымжан Исақұлов:
1987 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді.
Роял Холлоуей Лондон университетін, Бедфорд Нью колледжін, Жапонияның Ұлттық аспиранттар саяси зерттеулер институтын бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі референтінің міндетін атқарушы болып бастады.
2013-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің консультантынан бастап, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторына дейін түрлі лауазымды қызметтер атқарды.
2018-2020 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
2020-2023 жылдары – Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы.
2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.