MEDIA HOLDING "ATAMEKЕN BUSINESS"– кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға және халықты қаржылық еркіндікке баулуға бағытталған қазақстандық іскерлік БАҚ. Сарапшылар, медиа талдаушылар мен зияткерлер жиналған бірегей медиа кеңістік. Экономика мен бизнес жаңалықтары, әлеуметтік маңызы зор контент.
Медиахолдингтің құрылымы:
"ATAMEKEN BUSINESS" телеарнасы – бизнес туралы хабар тарататын және бизнеске арналған қазақстандық коммерциялық телеарна. Телеарна эфирінде жаңалықтар, аналитикалық бағдарламалар, нарық тенденциялары мен болжамдар, сараптамалық болжамдар, пікірталас бағдарламалары мен деректі фильмдер көрсетіледі. Телеарнаның Астана және Алматы қалаларында студиялары бар. Эфирге түрлі салалардағы тәжірибелі сарапшылар шақырылады. Ақпарат таратудың заманауи технологиялық мүмкіндіктеріне, виртуалды жүргізушіге және мультимедиялық порталдағы серіктестік жобаларына ие.
"Inbusiness.kz" – Қазақстан, ЕАЭО, ТМД және әлемдегі саяси, қоғамдық және экономикалық жаңалықтар туралы іскерлік ақпараттық портал. Ақпараттық платформа сайтында ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы LiveStream режимінде көрсетіледі. Портал контенті үш тілде (орыс, қазақ, ағылшын) жазылады.
Біздің басты ақпараттық серіктестеріміз: Thomson Reuters, KASE, ForexClub, Interfax, Bloomberg.