Айыпталушының бірі Шерзаттың анасына "Аузыңды жап, сені де өлтіреміз" деп айтқан

Бұл туралы марқұмның анасы бүгінгі сот отырысының 1-бөлімінде айтты. 

Айыпталушының бірі Шерзаттың анасына "Аузыңды жап, сені де өлтіреміз" деп айтқан Фото: youtube.com/@SupcourtRK

Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бейшембиева жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол күдіктілерге "балама тимеңдерші, анасымын" деп өтініп сұрағанын еске алды.

– Абзал "аузыңды жап, сені де өлтіреміз" деді. Сосын дүкен жаққа қарағанымда екі қызды көремін. Екі қызға қарап айтамын: "жедел жәрдем мен полиция шақырыңдаршы" деп. Қыздар маған қарап тұрды, ештеңе істеген жоқ. Сосын мен Шерзатқа қарай жұлқынып шығып кетемін. Ол кезде бір топ, жеті-сегіз адам Нұрғанат пен Шерзатқа жабылып жатады. Шерзат артқа шегінеді де құлайды. Сол кезде мен Шерзаттың аузынан бұрқ етіп қан аққанын көремін, Шерзатқа жүгіріп барамын. Шерзат айтады: Мама "мынаны қараңызшы" деді. Сол кезде Шерзаттың денесінен қан аққанын көрем. Сол кезде денесіне пышақ кіргенін түсіндім, – дейді ол.

Бқған дейін Шерзаттың анасы оқиға болған күнді еске алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу