Астанада 100 жастан асқан 21 қария бар

888

Ұлттық статистика бюросы Астана күні қарсаңында елордадағы халық санына қатысты қызықты статистика ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада 100 жастан асқан 21 қария бар Фото: spb.ru

Осы жылдың 1 маусымындағы статистикаға сай, бас қаладағы халық саны 1 464 415-ке жетті, оның 696 234-і ер, 768 181-і әйел.

2023 жылы Астанада туған кездегі өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда 78,09 жас.

Бұл көрсеткіш ерлер арасында – 74,23 жас, әйелдердікі – 81,28 жас.

2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін – 28,2 жас, әйелдер үшін – 26,4 жас болды.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті – 1 000 адамға 19,50.

Сонымен бірге, елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу