Депутат мұғалімді газет-журналға жазылуға, көше сыпыруға мәжбүрлеу заңмен тоқтатылғанын айтты

809

Бұл мамандықты таңдаған талапкерлердің орташа балы 100 балға дейін артты. 

Депутат мұғалімді газет-журналға жазылуға, көше сыпыруға мәжбүрлеу заңмен тоқтатылғанын айтты Фото: instagram.com/aimagambetov

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бүгінде педагог мамандығына ең мықты түлектер түсіп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды. Мәжбүрлі түрде газет-журналдарға жазылу, көше сыпыру, шексіз есеп беру міндеттері заңмен тоқтатылды. Тіпті бүгін, осындай жағдайлар болса, оған қоғамның өзі қарсылық танытып, резонанс тудыратын жағдайға келдік. Бұрын мұғалім мамандығын түлектер амалсыздан, абыройлы мамандықтарға түсе алмағанада ғана таңдайтын. Ал қазір ол беделді мамандықтың қатарына кірді. Енді бұл мамандыққа ең мықты түлектер түсіп жатыр", - деді Асхат Аймағамбетов.

Сөзінше, педагогикаға түсетін талапкерлердің орташа балы 55-тен 100 баллға дейін көтерілді.  

Педагог мәртебесін көтеру – Президенттің маңызды реформасы, әрі балалардың жарқын болашағына деген айқын қадам, дейді депутат.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елімізде суперпрезиденттік басқару моделінің дәуірі аяқталғанын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу