Каспий теңізінің түбімен кабель тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

329

Мемлекет басшысы коммуникация саласын келесі маңызды бағыт ретінде атады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Каспий теңізінің түбімен кабель тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр Фото: Advontour

– Бүгінде Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық кабель тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр Бұл жоба елдеріміз арасындағы байланыстың сапалы болуын қамтамасыз етеді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсіміне жағдай жасайды. Жасанды интеллект және спутник жүйесі сияқты озық технологияның әлеуеті де зор. Біз жасанды интеллект саласы кадрларын даярлау мәселесіне баса мән береміз. Осы ретте арнайы мектептер желісін құруды көздеп отырмыз. Ол әлемдегі озық компаниялардың платформасына негізделетін болады. Біз Орталық Азияда IT-стартаптармен айналысатын "Astana Hub" технопаркін құрдық. Баршаңызды осы хабтың әлеуетін пайдалануға шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу