Қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгерістер енгізіледі

4717

Енді жеке куәлікте азаматтардың жынысы көрсетіледі. 

Қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгерістер енгізіледі Фото: МТРК

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізбек. Құжат Ашық НҚА жобасында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, жеке куәлікте енді жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі. 

"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңның 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады. Қазақстан азаматының жеке куәлігінің биылғы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады", – делінген ішкі істер министрлігінің түсіндірме жазбасында.

Құжат жобасы 21 мамырға дейін қоғам талқылауында болмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу