Қырғызстанда турист құздан секіремін деп ажал құшты

1654

Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Flyjump спорт кешенінің иесі ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қырғызстанда турист құздан секіремін деп ажал құшты Фото: Кабар

Полицейлердің мәліметінше, бүгін сағат 13:30 шамасында Татыр ауылына қарама-қарсы орналасқан Flyjump спорт кешенінде жардан секіру кезінде аспалы жол үзіліп, нәтижесінде 1985 жылы туған Б.А. есімді азамат оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті Аламудун аудандық ішкі істер бөліміне тіркеліп, тергеуге дейінгі іс қозғалды. 

Жиналған материалдар мен жәбірленушінің туыстарының арызы негізінде аталған факті бойынша Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Тұтынушыларға қауіп төндіру) бойынша қылмыс бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен қолданылған шаралармен, аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 96-бабына сәйкес 1996 жылы туған Н.А. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу