Мәдениет министрлігі Wildberries пен Ozon-ның мемлекеттік туды сату кезінде заң бұзғанын айтты

280

Мемлекеттік символдарды қорлау қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.   

Мәдениет министрлігі Wildberries пен Ozon-ның мемлекеттік туды сату кезінде заң бұзғанын айтты Фото: РБК

Мәдениет және ақпарат министрлігі арабша жазуы бар Қазақстанның туымен суретке түскендердің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрлік ғаламторға мониторинг жүргізу кезінде wildberries.kz пен ozon.kz сайттарында Қазақстанның мемлекеттік символдарына қатысты заңнаманы бұзудың 2 дерегін анықтады. 

"Қазіргі таңда wildberries.kz сайтынан арабша жазуы бар Қазақстан туы сатылатыны туралы ақпарат өшірілді. Ал ozon.kz интернет-ресурсының әкімшілігіне бұзушылықты жою және заңсыз материалды жою шараларын қабылдау туралы хабарлама жіберілді", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган мемлекеттік ту ұлттық стандартқа сәйкес болуы тиіс екенін еске салды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы жеке және заңды тұлғалар тарапынан қорлау үшін пайдаланылмауы тиіс, деді министрлік.

"Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша мемлекеттік символдарды қорлау қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Осыған байланысты, Мәдениет және ақпарат министрлігі ішкі істер министрлігіне процестік шаралар қабылдау туралы хабарлама жіберді", - делінген ресми мәліметте.

Айта кету керең, осыған дейін Атырауда Қазақстанның туын қорлап, суретке түскендер ұсталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу