Полиция Павлодар қаласының №36 орта мектебінде кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу дерегі бойынша тексеруді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мектеп күзетшісі сол күні жұмысқа мас күйінде келіп, 6-сынып оқушысының кеудесінен ұрған.
"Полиция Павлодар мектептерінің бірінде кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу дерегі бойынша тексеруді бастады. 19 ақпан күні мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеудесіне соққы жасаған. Бала ауруханаға жүгінген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиғадан кейін күзетші медициналық айықтырғышқа орналастырылған. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін жауапқа тартылып, айыппұл салынды.