Сіздер айтып отырған 200 куәгерден 2 адам келіп Қаржаубайға көмектеспеді – Шерзаттың әжесі

Бүгін сот процесінің кезекті талқылауында Шерзат Полаттың әжесінен жауап алынды.  

Сіздер айтып отырған 200 куәгерден 2 адам келіп Қаржаубайға көмектеспеді – Шерзаттың әжесі Фото: видео скриншот

Айыпталушылардың қорғаушылары Жұмабике Қадыроваға сұрақты қарша боратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадыровадан қорғаушы Баймұханова әуелі үй мен дүкеннің арасы қанша уақыт екенін сұрады. 

"10 минуттай жүріп келдік" деп жауап берілді оған. 

"Үш машина көрдім дедіңіз, олар дүкеннен қандай арақашықтықта тұрды немесе дүкеннен қай жерінде тұрды? Екі топ балалардан қандай арақашықтықта тұрды?" деп кезекті сұрағын қойды қорғаушы. 

– Машиналар тура дүкеннің алдына келіп тұрды. Дүкеннің алды – кеңістік жер, үш машинада қаз-қатар сияды, үшеуі де сол жерде тұрды. Оны анық көрдім, – деді Ж.Қадырова. 

Қадырованың "Қаржаубайды екі бала қуып, алысып, бет-ауызынан бөтелкемен ұрып, ол бетін ұстаумен жүгіріп бара жатқанын көрдім" дегеніне қарата адвокат "Қаржаубайды кім ұрғанын әрі бөтелкемен ұрғанын өз көзіңізбен көрдіңіз бе, естідіңіз бе?" деді. Сосын одан кейінгі жағдайды айтып беруін сұрады. 

Өз кезегінде Шерзаттың әжесі сол жерде болғанын айтты. Сот қорғаушыға бұл сұрақты басқаша қоюын сұрады. 

– Қаржаубай келді де, "Мама, уайымдамаңыз, мына балалар (Шерзаттың достары) сізді отырғызады" деді де. Өзінің машинасын айдап апарып, екі баланы өз қолымен көлікке отырғызып, алып кетті. Сіздер айтып отырған 200 куәгерден 2 адам келіп Қаржаубайға көтерісіп, салысқан жоқ балаларды, – деді Жұмабика Қадырова. 

Бұған дейін марқұм Шерзаттың әжесінен сотта жауап алынып жатқанын және Шерзаттың өлігін ғана көргені туралы айтқанын хабарлаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу