Спорттық жартасқа өрмелеуден Париж олимпиадасының қатысушысы Әмір Маймұратов Сауд Арабиясында өткен турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әр бағдарлама бойынша әлемнің ең үздік 25 спортшысынан 100 споршы ғана шақырылған жарысты отандасымыз “жылдамдық” бағдарламасы бойынша үздік шықты. Әр бағдарламадан олимпиадағы ең үздік нәтиже көрсеткен 10 спортшы мен рейтинг бойынша 15 адам ғана жарысқа қатысуға мүмкіндік алған. Әмір финалда корей, жапон, америкалық спортшы және қазақ жігітімен шыққан. Нәтижесінде ол әлем және олимпиада рекордын ұстайтын, америкалық Самуэль Уатсонды 0,05 секундқа жеңіп кетті. Әмір 5,09 уақытты көрсетсе, қарсыласы 5,14 секунд тіркеді.
Айта кетейік, бұл Әмірдің олимпиададан кейінгі төртінші жарысы. Ол алдыңғы үш жарыстың үшеуінде де күміс жүлде жеңіп алса, маусымдағы соңғы жарысында алтын иеленді.