"Арлан" қатарынан екінші мәрте ел чемпионы атанды

240

Өскеменде 2024-2025 жылғы маусымның Pro Ligasy финалдық сериясы аяқталды.

"Арлан" қатарынан екінші мәрте ел чемпионы атанды Фото: ligasy.kz

Бүгін алғашқы кезеңде қонақтар сәл белсендірек ойнағанымен, Владислав Пестов бастаған өскемендіктердің қорғанысы қақпаны голдан аман сақтап қалды.

Екінші кезеңде де ұзақ уақыт есеп ашылмады. Алайда 20 минуттықтың соңына таман "көкшетаулықтар" дегеніне жетті. Владимир Маркеловтың шәкірттері небәрі 42 секунд ішінде 2 гол соқты. Алдымен Степан Санников, ал содан кейін Владислав Никулин мергендік танытты.

Соңғы кезеңде "Торпедо" басымдықпен ойнауға мүмкіндік алды. Ян Тютюньковтың тамаша пасын Максим Базанов нәтижелі аяқтады. Дегенмен Андрей Корабейниковтің командасы ойынды түбегейлі өзгерте алмады. Қақпашыны алтыншы ойыншыға алмастыру да көмектеспеді.

"Арлан" қорғаныста өте сенімді ойнап, қарсы шабуылдарға жол бермеді. Әсіресе, Сергей Кудрявцев 24 дәл соққыны қайтарып, өз қақпасын қорғап қалды. Осылайша, Көкшетау клубы қатарынан екінші жыл Қазақстан чемпионы атанды.

"Торпедо" – "Арлан" 1:2 (0:0, 0:2, 1:0)
0:1 – 38:17 – Санников (Преснов)
0:2 – 38:59 – Никулин (Волков, Буйван)
1:2 – 51:37 – Базанов (Панченко, Тютюньков)

Қақпашылар: Пестов – Кудрявцев

Серия нәтижесі: "Арлан" – "Торпедо": 4:0 (9:2, 6:3, 3:2, 2:1)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу