Астанада халықаралық хоккей турнирі өтеді

279

Бұл жарыс құрамамыз үшін әлем чемпионаты алдында тамаша дайындық болмақ болмақ. 

Астанада халықаралық хоккей турнирі өтеді Фото: Qazaqstan Hockey Open
1-3 мамыр аралығында Астанада дәстүрлі халықаралық Qazaqstan Hockey Open турнирі өтеді.
 
Бұл жолы бір мұз айдынында үш мықты құрама – Қазақстан, Беларусь және Ресей командалары бас қоспақ.

Командалар айналмалы жүйе бойынша ойнайды, әр команда бір-бірімен кездеседі. Жеңімпаз ең көп ұпай жинаған ұжым болып танылады.

Ойын күнтізбесі:

  • 1 мамыр, 17:00 – Қазақстан - Ресей
  • 2 мамыр, 18:00 – Ресей - Беларусь
  • 3 мамыр, 17:00 – Қазақстан - Беларусь

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 9-25 мамыр аралығында Швеция мен Данияда өтетін 2025 жылғы әлем чемпионатының топ-дивизионында бақ сынайды.

Біздің құрама B тобында (Хернинг, Дания) ойнайды. Қарсыластары: Швейцария, Чехия, Дания, Норвегия, АҚШ, Германия және Венгрия.

A тобында (Стокгольм, Швеция): Канада, Швеция, Финляндия, Словакия, Латвия, Австрия, Франция және Словения құрамалары кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу