Бірінші кезең ресейліктердің басымдығымен өткенімен, екінші кезеңде Мстислав Шипилин мен Кирилл Ляпунов айдын иелерін екі минутта алға шығарды. Соңғы жиырма минутта "Лада" есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып әкетті. Қорытынды есеп 4:2, "Ладаның" пайдасына.
Айта кетейік, екінші кезеңде Никита Бояркин қақпаны қорғаймын деп, сәтсіз қимыл жасап, жарақат алып қалды. Соның салдарынан 26 жастағы қазақстандық қақпашы матчты жалғастыра алмай, оны медицина қызметкерлері зембілмен алып кетті.
17 ақпанда "Барыс" өз алаңында "Металлургті" қабылдайды.
"Барыс" (Астана, Қазақстан) - "Лада" (Толятти, Ресей) 2:4 (0:1, 2:0, 0:3)
0:1 - 10:56 Михайлов (Неколенко)
1:1 - 23:54 Шипилин (Сетдиков, Жафьяров)
2:1 - 25:28 Ляпунов (Хоклов, Антипин)
2:2 - 50:39 Михайлов (Юртайкин, Неколенко)
2:3 - 58:03 Ожгихин (Романов)
2:4 - 58:32 Кугрышев (Алтыбармакян)
Қақпашылар: Бояркин 00:00 - 24:14, Маттссон 24:14 - 60:00 - Трушков