"Барыстың" халі мүшкіл

560

ҚХЛ 2023/24 маусымында "Барыс" өз тарихындағы ең нашар нәтижені көрсетіп отыр.  

"Барыстың" халі мүшкіл Фото: hcbarys.kz

Құрлықтық хоккей лигасының матчтары жалғасуда. Командалардың басым бөлігі жаңа маусымда бес матч өткізіп үлгерді. Астаналық "Барыс" әзірге жанкүйерлерін қуанта қойған жоқ. Андрей Скабелка шәкірттері маусымның алғашқы бес кездесуінде де жеңіліп, клубтың тарихындағы ең нашар нәтиже көрсетіп отыр.

Қазақстан құрамасының еншісінде небәрі 3 ұпай бар. Ал алда келе жатқан "Сібір", "Адмирал" және "Нефтехимик" командаларының резервте бір матч болуы жағдайды одан әрі қиындатып отыр. Себебі олар әзірге тек 4 матч қана өткізіп үлгерді. Турнирлік кестеде 9 ұпайы бар Магнитогорскінің "Металлургы" көш бастап тұр. 8 ұпаймен "Ак барс" екінші сатыға жайғасса, үздік үштік қатарын "Автомобилист" түйіндеді. Ал "Барыс" соңғы орында.

Айта кетейік, сырт алаңдағы матчтар серияының финалдық кездесуінде "Барыс" Мәскеудің "Динамосынан" овертаймда 4:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Бұл ойында медициналық себептерге байланысты екінші матчты жіберіп алған Алекс Грант пен Дэвид Скленицкадан басқа, Джереми Бракко мен Дінмұхамед Қайыржан айдынға шықпады. Олардың орындарын Александр Борисевич пен Михаил Рахманов басты. "Барыс" матчтың алғашқы минуттарынан бастап жақсы ойнап, басымырақ болды. Екінші кезеңде динамолықтар қарсылас аймағында белсенділік танытты. Қонақтар шыдамдылықпен өз мүмкіндіктерін күтті. Ал овертаймда Даниил Пыленковтың дәл соққысы қазақстандықтардың қатарынан бесінші жеңілісін тіркеді.

Елордалық хоккей клубы келесі кездесуін 16 қыркүйекте өз алаңында "Адмиралға" қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу