"Барыстың" жаңа ойыншысын қымыз бен бауырсақпен қарсы алды

836

Кезінде АҚШ-тың жасөспірімдер мен жастар құрамасының мүшесі болған Райли спорттық мансабын Солтүстік Америкада өткізген.

"Барыстың" жаңа ойыншысын қымыз бен бауырсақпен қарсы алды Фото: hcbarys.kz

Осыдан бірер күн бұрын "Барыс" хоккей клубы Райли Барбермен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдеген болатын. Ал, бүгін хоккейші елордаға келіп жетті. Әуежайда хоккейшіні дәстүр бойынша клуб өкілдері күтіп алып, қымыз бен бауырсақтан дәм татқызды.

Шабуылшымен жасалған біржақты келісімшарт бір маусымға 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген. 2012 жылы "Вашингтон" драфт жасаған Барбер бүкіл мансабы бойы Солтүстік Америкада өнер көрсетті. Райли АҚШ жасөспірімдер және жастар құрамасы сапында болған. 2022 жылы спортшы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында дебют жасады. Жалпы, ол ҰХЛ-да 16 матч, АХЛ-да 430-дан астам ойын өткізген.

Өткен маусымда Барбер "Далластың" фарм-клубы "Техаста" ойнады. АХЛ тұрақты чемпионатында 69 матч өткізіп, 62 (32+32) ұпай олжалап, командадағы үздік нәтижені тіркеді. Плей-оффтың сегіз ойынында Райли 5 (2+3) ұпайды өз есебіне жазды.

Айта кетейік, "Барыс" 20-25 тамыз күндері өтетін Омбыдағы "G-Drive Аренада" маусым алдындағы "Блинов Кубогы" турниріне қатысады. Жарыс қожайыны "Авангардтан" өзге, ярославілік "Локомотив", нижнекамскілік "Нефтехимик", уфалық "Салават Юлаев" пен астаналық "Барыс" айналмалы жүйе бойынша ойнайды.

"Барыс" матчтарының кестесі (Астана уақытымен)

20 тамыз. 13:00. "Барыс" - "Салават Юлаев";

21 тамыз 15:00. . "Локомотив" - "Барыс";

23 тамыз. 19:30. "Авангард" - "Барыс";

25 тамыз. 11:00. "Барыс" - "Нефтехимик".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу