Бізді Қазақстандағыдай ұлықтамайды – өзбек кәсіпқой боксшысы Хасанбой Дусматов

795

Өзбек кәсіпқой боксшысы Хасанбой Дусматов Өзбекстан мен Қазақстандағы олимпиадашыларға арналған сыйлықтардың айырмашылығын атады.  

Бізді Қазақстандағыдай ұлықтамайды – өзбек кәсіпқой боксшысы Хасанбой Дусматов Фото: repost.uz

Екі дүркін Олимпиада чемпионы қазақстандық журналистерге берген сұхбатында спортшыларды көтермелеу жүйесі туралы қызықты мәліметтермен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Өзбекстанның Олимпиада жүлдегерлері, тіпті екі дүркін чемпиондары тек мемлекеттен жүлделер алады. Жеке тұлғалар біздің жеңімпаздарға Қазақстандағыдай сыйлықтар сыйламайды", – деді спортшы.

Дегенмен, Дусматов мемлекеттің сыйлықтарына өте риза екенін атап өтті. ОИ-2024 жеңісі үшін ол сыйлық ретінде автокөлік, жайлы коттедж бен 200 мың доллар көлемінде қомақты ақшалай сыйлық алды.

Қазақстандық боксшылардың Париждегі Олимпиада ойындарында сәтсіздікке ұшырауының себептері туралы сұраққа жауап берерде Дусматов объективті бағалау үшін жеткілікті ақпарат болмағандықтан ойын айтудан тартынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу