Алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша Қырғызстан құрамасы Гонконг командасын овертаймда 6:5 есебімен жеңді.
Қырғызстан хоккейшілері бірінші кезеңнен кейін 0:2 есебімен жеңіліп жатты. Матчтың екінші кезеңінде олар есепті теңестіргенімен, қарсыластарының қайта гол соғуына мүмкіндік берді (4:2). Кезеңнің соңына қарай Қырғызстан құрамасы есепті қысқартты (4:3). Үшінші кезеңде есеп 5:5 болды. Ал қосымша уақытта қырғыз хоккейшілері жеңісті жұлып әкетті 6:5.
Осылайша, ширек финалда Қазақстан құрамасы Гонконгпен сынға түседі. Оңтүстік Корея құрамасы Қырғызстанмен кездеседі. Тағы бір жұпта Қытай мен Тайвань, сондай-ақ Жапония мен Таиланд бар. Барлық кездесулер ертең, 11 ақпанда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы мүмкін болатын 15 ұпайдан 15 ұпай жинап, А тобында жеңіске жетті. Топтық кезеңде Қазақстан Таиланд (12:0), Қытай (6:1), Тайвань (17:0), Жапония (4:1) және Оңтүстік Кореяны (2:1) ұтты. Олег Болякин шәкірттері 41 гол соғып, 3 гол жіберіп алып, топтағы ең көп ұпай жинаған команда атанды.
Тоғыз ұпайы бар Гонконг С тобында Макао (26:1), Үндістан (30:0) және Түрікменстанды (5:1) тізе бүктіріп, өз тобында жеңіске жетті.