Қысқы Азия ойындарында хоккейші қыздарымыз үшінші жеңісіне қол жеткізді

176

Қазақстан құрамасы турнирлік кестеде көш бастады.  

Қысқы Азия ойындарында хоккейші қыздарымыз үшінші жеңісіне қол жеткізді Фото: olympic.kz

Еліміздің әйелдер хоккей құрамасы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі кезекті матчында жеңіске жетті.

Біздің команда Тайбэйді 5:1 есебімен ұтты. Елордадалық "Томирис" командасының шабуылшысы Надежда Филимонова дубль авторы атанды.

Бұл жеңіс Қазақстан үшін үш матчтағы үшінші жеңіс болды.

Алғашқы екі матчта біздің қыздар Гонконгты (12:0) және Таиландты (9:0) ойсырата жеңген болатын. Үш турдан кейін Қазақстан турнирлік кестеде көш бастап тұр.

Қазақстан 5:1 Тайбэй (1:1, 4:0, 0:0)

0:1 – Ву (Лин) – 04:23

1:1 – Свиридова – 12:24

2:1 – Филимонова (Шегай, Оразбаева) – 23:20

3:1 – Буторина (Зубкова, Воронова) – 24:58

4:1 – Алдабергенова (Свиридова, Ашимова) – 29:44

5:1 – Филимонова (Оразбаева, Молдабай) – 33:03

9 ақпанда құрамамыз Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу