Азиада-2025: Қазақстан құрамасы керлингтен Қырғызстаннан басым түсті

261

Қазақстан құрамасының керлингшілері Әмина Сейітжанова мен Әзизбек Надирбаев Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді.

Азиада-2025: Қазақстан құрамасы керлингтен Қырғызстаннан басым түсті

Бүгін, 6 ақпан күні, спортшыларымыз аралас жұптар арасындағы топтық кезеңнің кезекті матчында Қырғызстан құрамасына қарсы ойнады.

Кездесу қазақстандық дуэттің пайдасына 12:5 есебімен аяқталды.

Бұл команда үшін қатарынан екінші жеңіс болды. Бұған дейін қазақстандықтар Қатарды жеңген еді.

Төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде екі жеңіс пен екі жеңіліс бар. Біздің керлингшілер бұл кезеңдегі соңғы кездесуін бүгін Қазақстан уақыты бойынша 15:00-де Филиппин құрамасына қарсы өткізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу