Небәрі 42-ші секундта есеп ашқан хоккейшілеріміз Қытай құрамасын тізе бүктірді

266

Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы Жапония, Оңтүстік Корея және Тайвань құрамаларымен бірге "А" тобында өнер көрсетуде.

Небәрі 42-ші секундта есеп ашқан хоккейшілеріміз Қытай құрамасын тізе бүктірді Фото: olympic.kz

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында турнирдің топтық кезеңінде екінші кездесуін өткізді.

Олег Болякин шәкірттері жарыс қожайындары Қытай құрамасымен кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсылас қақпасына жауапсыз үш шайба соқты. Тартысты ойынның 42-секундында Дмитрий Брюс қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Үшінші минутта Дмитрий Гренц командамыздың басымдығын еселей түсті. Арада бес минут өткенде Роман Старченко есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші кезеңде Қытай құрамасының қақпасына бір ғана шайба соғылды. Бұл жолы Евгений Рымарев көзге түсті.

Үзілістен кейін қазақстандықтар қарсыластарын тағы екі рет қапы қалдырды. Дубль авторы Вячеслав Колесников (45 және 49 минут). Ал, біздің қақпамызға Қытай құрамасы бір шайба ғана салды.

Қазақстан – Қытай 6:1 (3:0, 1:0, 2:0)
1:0 – 00:42 – Брюс (Савицкий, Панюков)
2:0 – 02:59 – Гренц (Дания, Савицки)
3:0 – 07:47 – Старченко (Рымарев, Дания)
4:0 – 24:42 – Рымарев (Михайлов)
5:0 – 45:02 – Колесников (Буялский, Брюс)
6:0 – 48:53 – Колесников (Борисевич, Чапоров)
6:1 – 55:18 – Чанг (Ченг, Вонг)
Қақпашылар: Шутов - Сун

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Турнирдегі алғашқы кездесуінде хоккейшілерімізден Тайланд құрамасы 12:0 есебімен жеңілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу