Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы допингпен ұсталды

483

Алексей Зубов 3 жылға жарыстардан шеттетілді. 

Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы допингпен ұсталды Фото: ҚХФ

"Торпедо" хоккей клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Зубов 3 жылға, 2027 жылдың 10 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттетілді. Мұндай шешімді Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) қабылдады.

Азия чемпионатында алынған допинг-сынамадан тыйым салынған препараттың іздері табылған. Хоккейшінің өзі анаболикалық стероидтың оның ағзасына қалай түскенін білмейтінін айтты.

Алексей Зубовтың сараптамаларынан оралтуринабол анықталды. Бұл метандростенолонға әсері мен химиялық құрылымы жағынан ұқсас анаболикалық стероид.

27 жастағы шабуылшы биылғы маусымда Қазақстан чемпионатында 22 матч өткізіп, 18 (3+15) ұпай жинаған.

Бұл Қазақстан хоккейі тарихындағы допингке қатысты екінші жағдай. 2013 жылы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Илья Соларев сальбутамол құрамында бар препаратты қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу