Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Нидерландыда өтетін Әлем чемпионатына қатысады

767

18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2024 жылдың 15 және 21 қаңтары аралығында Херенвенде (Нидерланд) екінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Нидерландыда өтетін Әлем чемпионатына қатысады Фото: sports.kz

Биылғы жылдың ақпан айында біздің жас хоккейшілер турнирдің барлық бес матчында жеңіске жетіп, В тобынан шықты. Алдағы әлем чемпионатына дайындық 3 кезеңнен тұрады. Олардың алғашқысы 15 тамызда басталды. Жалпы және арнайы дене дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиыны Өскемен маңындағы Сібе көлдерінде орналасқан "Алтайский берег" спорттық базасында өтеді. Биыл үміткерлердің кеңейтілген тізіміне Қазақстанның 7 қаласынан 35 спортшы кірді: Өскемен (7 спортшы), Алматы (10), Астана (6), Екібастұз (1), Қарағанды (8), Сәтбаев (1) және Ақтөбе (2).

Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасының бас менеджері Виктория Сазонова юниор қыздардың дайындығы туралы айтып берді:

"Жасөспірім қыздар командасына барлық үміткерлер жаттығып, нормативтер тапсырады және бапкерлер штабының алдағы маусымға талаптарымен танысады. Аталмыш кезеңде бізге Қазақстанның хоккей федерациясы жақсы қолдау көрсетіп келеді. Бүкіл Қазақстаннан хоккейші қыздарды жинай алатынымыз қандай тамаша. Мұны жасау тіпті оңай емес. Бұл бапкерлер штабы мен спортшылардың өздеріне командадағы серіктестеріне қатысты өз мүмкіндіктерін бағалауға, осал тұстарын жетілдіріп, дұрыс бағыт таңдауға көмектеседі.

Дайындықтың екінші кезеңі шамамен қарашаның алғашқы онкүндігінде басталады. Толыққанды ойын және тактикалық жаттығулармен мұзда оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отырмыз, бұл спортшыларға звенолардағы өзара байланысты реттеуге мүмкіндік береді. Үшінші кезең ойыншылардың бекітілген құрамымен Әлем чемпионатының алдында өтеді", - деді Виктория Сазонова.

Виктория Сазонова қыздар хоккейін қаржыландырудағы өзгерістер туралы айтып берді. Сондай-ақ хоккей спортында табыстың аздығынан спортшылардың басым көпшілігі бұл спорт түрінен кеткенін де тілге тиек етті. 

"Қазақстандық ойыншылардың хоккейге орала бастағанына қуаныштымын, - деді қыздар құрамасының бас менеджері. – Көпшілігі құрамаға кірудің немесе табыс табудың болашағы жоқтығына байланысты көпшілігі хоккейден кеткен. Әзірге атын атап, түсін түстегім келмейді, алайда өздерін көрсетеді деп үміттенемін. Өткен Әлем чемпионаты кезінде барлығы 13 спортшы спортты дамыту дирекцияларына ұлттық құраманың ойыншылары ретінде жұмысқа орналастырылды, алайда олардың саны 23. Қалғандары ұзақ уақыт бойы төлемсіз өнер көрсетті. Биыл маусымның басында спортты дамыту дирекциясының басшылығы бізге құлақ асып, біздің бастамаларымызды қолдап, ойыншылар штатын 23 адамға дейін кеңейтті. Сонымен қатар жастар және негізгі құраманың бапкерлері де жұмысқа орналастырылды. Бұл біз үшін үлкен көмек. Бұл қыздар хоккейін танытуға ықпал етеді деп үміттенемін. Себебі ата-аналар өз балалары үшін спорт таңдағанда, болашақ перспективаны бағамдайды", - дейді   Виктория Сазонова.

Ал Қазақстанның негізгі қыздар ұлттық құрамасы Испаниядағы Әлем чемпионатында екінші дивизионның А тобында өнер көрсетеді. Үміткерлер Қазақстан чемпионатының 3 негізгі клубы "Томиристен" (Астана), "Айсұлу" (Алматы) мен "Торпедодан" (Өскемен) іріктеліп алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу