Бірінші кезеңде есепті Екатерина Куценко ашты. Екінші кезеңде Дарья Молдабай дубль жасап, есеп айырмасын ұлғайтты.
Сондай-ақ, Анна Пяткова, Пернеш Ашимова және Александра Воронова бір-бір шайбадан соқты.
Соңғы 20 минуттықта Анастасия Оразбаева мергендігімен көзге түсті. Тек содан ғана кейін словениялықтар бір шайбамен жауап қайтарды. Татьяна Королева мен Куценко ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 9:1.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 жеңіске жетіп, 3 ойында жеңіліп қалды. Жалпы алғанда 6 ұпай жинап, қазіргі уақытта 4-орында тұр.
Осылайша, Қазақстан құрамасы IB дивизионындағы орнын сақтап қалды. Биыл қыздар құрамасы IIA дивизионынан бір саты жоғары көтерілген болатын.
Турнирлік кестедегі нақты орын Латвия мен Корея арасындағы матчтан кейін белгілі болады.