Қазақстанда фармацевтикалық өндіріс көлемі 31% өсті

6444

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елде 99,3 млрд теңгенің негізгі фармацевтикалық препараттары өндірілді. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 62,6% көп. Секторда нақты өсім 31,1% құрап отыр, деп хабарлайды inbusinnes.kz порталы energyprom.kz зерттеу агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда фармацевтикалық өндіріс көлемі 31% өсті

Салада айтарлықтай өсім Қарағанды облысында байқалады: бір жыл бұрын ғана бұл өңірде 9,8 млрд теңгенің өнімі шығарылса, осы жартыжылдықта өнімдерден табыс ретінде 40,5 млрд теңге түскен. "Спутник V" вакцинасының дәл осы Қарағанды қаласында шығарылатынын айта кету керек. Фармпрепараттардың ауқымды көлемі сонымен қатар Шымкент (22,5 млрд теңге), Алматы облысы (18 млрд тг) мен Алматы қаласында (13,4 млрд тг) өндіріліп жатыр.

"Құн көрсеткіші жағынан дәрі-дәрмектің өндірісі бір жылдың ішінде 61,1% өсіп, бірінші жартыжылдықта 88,7 млрд теңгеге жетті. Нақты өсім 53,5% құрады. Басқа да фармацевтикалық препараттардың өндірісі ақшалай есептегенде 19,9%, яғни 5 млрд теңгеге артып, нақты өсім 26,3% көрсетті", - делінген зерттеуде.

Еске сала кетейік, елде "Абди Ибрахим Глобал Фарм" ЖШС, "Келун-КазФарм" ЖШС, "Долче" ЖШС (Алматы облысы), "Химфарм" АҚ (Санто), "Зерде-Фито" ЖШС (Шымкент), Алматы фармацевтикалық фабрикасы, Нобель, "Аврора" ЖШС, "Чеминнова Алимор Казфарм" ЖШС, "Рапид-Алимор Фарм Индастриз" ЖШС, "Досфарм" ЖШС (Алматы) және тағы басқа ірі компаниялар жұмыс істейді. Дәрілік заттардың импорты 2021 жылдың қаңтар-мамырында 9,7 мың тоннаны құрап, бір жыл ішінде 22,2% төмендеді. Ақшалай алғанда сектордағы импорт 431,9 млн АҚШ долларына жетті.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу