Қазақстандағы мобильді интернет жылдамдығы әлем рейтингінде алты саты жоғарылады

4814

Елдегі интернет жылдамдығы бір жыл ішінде 22%-ға артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме беріп.

Қазақстандағы мобильді интернет жылдамдығы әлем рейтингінде алты саты жоғарылады

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлем елдері рейтингінде алты сатыға көтерілді. 

Кейінгі онжылдықта интернет адам өмірінің барлық салаларына дендеп енді. COVID-19 пандемиясы кезінде бүкіл әлем қашықтан жұмыс істеп, оқу оқып, қызмет көрсете бастағанда тіпті ерекше маңызға ие болды.

Қазақстанда, бүкіл әлемдегі сияқты, мобильді интернеттің жылдамдығына ерекше көңіл бөлінеді.

Speedtest Global Index деректеріне сәйкес, 2022 жылғы маусымда мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан алты саты көтерілді. Көрсеткіш бір айда 20,56 Мб/с-тан 22,53 Мб/с-қа дейін ұлғайды.

Қазақстанда интернет Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және басқа да көптеген дамушы елдерге қарағанда айтарлықтай жылдам.

Бұл ретте әлемдегі интернет жылдамдығы бойынша көшбасшылар Норвегия, БАӘ, Болгария, Оңтүстік Корея және Катар болып табылады.

Елімізде мобильді интернеттің жылдамдығы интернет-трафикті тұтынудың ұлғаюымен қатар өсіп келе жатқанын атап өткен жөн. 2021 жылы Tele2/Altel желісі ішінде интернет-трафикті тұтыну 33%-ға өсті, 1985 петабайтқа дейін (немесе шамамен 2 эксабайт) – бұл барлық ұялы байланыс операторлары арасында рекордтық мән.

Сарапшылардың есептеуінше, Tele2/Altel абоненттері елдің мобильді интернетін тұтынудың жалпы көлемінің 60%-ын құрайды.

Сонымен қатар Kcell-де трафикті тұтынудың өсуі 36,8%-ды, 620 петабайтқа дейін құрады. Яғни эфир жүктемесінің өсуімен елдегі интернет жылдамдығы артып келеді, бұл ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымын дамытуды көрсетеді.

Интернеттің дамуына ел аумағы айтарлықтай әсер етеді. Жер көлемі неғұрлым үлкен болса, кабельдік сымдарды жаңарту соғұрлым қымбат болады. Тиісінше, Қазақстанда интернетті қосу өте қымбат процедура. Инфрақұрылым импортталатындықтан, ол да бағаға әсер етеді.

Инфрақұрылымды дамыту мен жаңғыртуға негізінен байланыс операторларының өздері өз қаражатын салады. Жалпы 2020 және 2021 жылдары байланыс секторына инвестициялардың рекордтық көлемі салынған (140,9 млрд және 128,6 млрд теңге).

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу