Никита Михайлис "Металлург" ойыншысы атанды

878

9 жыл "Барыс" сапында өнер көрсеткен Никита Михайлис ресейлік клубқа ауысты.

Никита Михайлис "Металлург" ойыншысы атанды

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис мансабын Құрлықтық Хоккей лигасында жалғастырады. 28 жастағы шабуылшы Магнитогорскінің "Металлург" командасының ойыншысы атанып, бір маусымға келісімшартқа отырды.

Осы орайда Никита Михайлис "Барыстан" Магнитогорскінің "Металлургіне" ауысқаннан кейін мәлімдеме жасады.

"Клуб басшылығына, бапкерлер штабына, менің дамуыма атсалысқан барлық қызметкерлерге және осы жылдар ішінде мені және команданы қолдаған жанкүйерлерге алғысым шексіз. "Барыс", Астана, барлығы үшін рахмет!", – деп жазды хоккейші Instagram парақшасында

Михайлис – "Барыс" хоккей клубының түлегі. Шабуылшы мансабының көп бөлігін "Барыс" жүйесінде өткізді, кәсіпқой хоккейдегі мансабын "Барыс Астана-2" командасында бастады (2011/12). Никита "Барыс" (МХЛ, 2012-2015), "Номад" (Қазақстан чемпионаты) және өскемендік "Торпедо" (ВХЛ, 2016/17) командаларында ойнады. 2014 жылы шабуылшы "Барысқа" шақырту алып, бірте-бірте негізгі құрамның ойыншысына айналды.

2021/22 хоккей маусымында Никита 46 (19+27) ұпай жинап, ұпай саны бойынша жеке рекордын орнатты. Келесі жылы шабуылшы команда капитаны болды. Сонымен қатар Никита 18 жасқа дейінгі командадан ұлттық құрамаға айысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу