Рас әл Хәймә әмірлігіне саяхаттаған қазақстандықтар саны 13 есе өскен

2364

Рас әл Хәймә әмірлігі қазақстандық туристердің сүйікті орнына айналып келеді. Оған статистика дәлел. Мысалы, бес жыл ішінде елімізден барған туристер легі 13 есеге өскен. Сонымен, әмірлік туристерді несімен қызықтырады?  

Рас әл Хәймә әмірлігіне саяхаттаған қазақстандықтар саны 13 есе өскен

Араб әмірлігіндегі Дубай, Шарджа секілді танымал туристік бағыттар Рас әл Хәймәмен толығып отыр. Әмірліктің солтүстігінде орналасқан Рас әл Хайма бай тарихымен, көркем табиғатымен ерекшеленеді. Шөлдаладағы оазис таумен көмкеріліп, теңізбен астасып жатыр. Мұнда аптап ыстық аса байқала қоймайды. Сол себепті тыныштық пен жайлы ауа райын қалайтын қазақстандық саяхатшылар үшін таптырмайтын орын. Осыдан бес жыл бұрын біздің елден жылына 5 мың адам барса, былтыр 65 мың қазақстандық турист сапарлаған. 

"Қазақстандықтар - біз  үшін өте маңызды. Бұл – біздің ең жылдам өсіп келе жатқан нарықтарымыздың бірі. Қазақстандықтар жайлы қонақүйлерді, жақсы ауа-райын және қонақжайлылықты жақсы көреді. Біздің Қазақстанмен байланысымыз жоғары деңдейде. Онда өкілдігіміз бар, туристік көрмелерге қатысып тұрамыз. Алдағы уақытта да тығыз байланыста боламыз деп сенеміз", дейді Рас әл  Хәймә Туризм басқармасының атқарушы директоры   Раки Филлипс.

Рас әл Хәймәдағы ерекше белсінділіктіі бірі - інжу-маржан фермасына бір күндік саяхат. Жалпы Қиыр Шығыс халқы інжу-маржан устрицасын өсірумен ықылым заманнан бері айналысады. Ата-бабасының ісін жалғастырып жүрген кәсіпкер Абдулла әл Суаиди 2005 жылдан бері өз кәсібін туристік бағыт ретінде ұсынады. Күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар табиғи інжу-маржанның қалай алынатынын  тамашалайды. 

"Туристік орын ретінде 2005 жылдан бері жұмыс істеп тұрмыз. Біз маржан фермасының заманауи және ғылыми жағын көрсетуге тырыстық. Мұнда устрицалар  өсіріп, табиғи інжу-маржанды өндірумен айналысамын. Және мұны көпшілікке көрсетемін.Ал тұрақты даму дегеніңіз осындай тіршіліктің жалғасуын сақтау. Бұл біздің дәстүрімізде бар. Және біздің дәстүр табиғатты қорғауға бағытталған", дейді Інжу-маржан фермасының иесі Абдулла Рашид әл Суаиди.

Пандемия туризм саласындағы парадигмаларды түбегейлі өзгертті. Қазір саяхатшылар ашық табиғатты таңдайды. Ерекше сезімдер іздейді. Осы сұранысқа жауап ретінде әмірліктегі Джебел Джейс тауында аспалы жіппен төмен құлдилайтын ZipPlane атты белсенділік бар. Бұл саяхатшыларға ұмытылмас әсер  сыйлайды.

Биыл туризм саласы пандемияға дейінгі көрсеткіштен асып түседі деген болжам бар. Қазақстаннан баратын демалушылар 2 пайызға өсіп, 63 мыңға жетуі мүмкін. Жалпы, Рас әл Хәймә өткен жылы 1,1 млннан астам туристі қарсы алған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12 пайызға жоғары. Туризм басқармасы саяхатшылар легі жыл сайын 7-10 пайызға өседі деген болжам жасап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу