"Реалдың" кезекті рекордын журналист әрі инсайдер Педро Мартин жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Корольдық команда өз тарихында қырқыншы рет ширек финалға жолдама алып отыр. Бұл рекордтық көрсеткіш саналады.
"Реал" – соңғы бес маусым бойы қатарынан ширек финалға өтіп, соның екеуінде жеңімпаз атанған клуб. Осы тізімде мюнхендік "Бавария" екінші орындаға жайғасты, олар ширек финалға 34 рет шыққан. Ал каталониялық "Барселона" үшінші сатыда тұр.
Италиялық маман Карло Анчелотти жаттықтыратын "Реал" 1/8 финалда тағы бір мадридтік клуб "Атлетиконы" он бір метрлік пенальти сериясында жеңіп кетті.
Өткен жылы осы турнирде чемпион болған мадридтік клуб "Реал" ширек финалда лондондық "Арсеналға" қарсылас атанды.