Садриддин Ахмедов (15-0, 13 KO) мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 KO) болатын ертеңгі жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Спортшылар таразыда бірдей салмақ көрсетті – 79,94 килограмм.
Жекпе-жекке бір тәулік қалғанда Садриддин мен Элиас Эспадас көзқарастар айқасын өткізді.
27 жастағы қазақстандықтың жекпе-жегі Коммерстегі бокс кешінің басты кездесуі болады және 10 раундқа жоспарланған. Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтеді.
Айта кетейік, Садриддин танымал америкалық жаттықтырушы, бұған дейін Геннадий Головкинмен жұмыс жасаған Абель Санчестің жетекшілігімен жаттығады.