Сәкен Бибосынов қарсыласын нокдаунға жіберді

599

Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Сәкен Бибосынов Хабаровск қаласында (Ресей) Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы айналымында жеңіске жетті.

Сәкен Бибосынов қарсыласын нокдаунға жіберді Фото: olympic.kz

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сәкен Бибосынов ресейлік Құрбан Байрамбековпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. 

2-раундта Сәкен қарсыласын нокдаунға жібергенін де айта кетейік.

Сәкен Бибосынов  2021 жылғы әлем чемпионы және Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері. Сонымен қатар, Азия чемпионаттарында күміс және қола медальдарға ие болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Хабаровскіде Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында жекпе-жектер өткен еді. Атап айтқанда, әйелдер арасындағы 75 келіге дейінгі салмақта Шұғыла Нәлібай өзбекстандық Азиза Зокироваға жол берді. Ал ерлер арасындағы 71 келіге дейінгі салмақта Фарух Тохтасунов Асилбек Абдурахмановқа есе жіберді. 

Сондай-ақ, 75 келі салмақта отандасымыз Анастасия Баязитова Тунис спортшысына жол берді. 51 келіде Бекзат Алдамжаров 1:4 есебімен Амиршо Жалоловтан жеңіліс тапты.  Ал, тәжірибелі Теміртас Жүсіпов қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу