Никита Бояркиннен кейін Андрей Шутов та жарақат алып, қатардан шықты. Оған иық жарақатына байланысты бүгін, 7 наурызда ота жасалады.
Бұл оның әлем чемпионатына баруына мүмкіндік бермейді. Дәл осындай жағдай Никита Бояркинмен де болды. Ол 5 наурызда Германияда ота жасатып, тек жаңа маусымның басында оралады.
Осы маусымдағы басқа халықаралық турнирлерде құрамаға Жоғарғы Хоккей Лигасынан Джелал-Ад-Дин Әмірбеков ("Магнитка") пен Максим Павленко ("Рязань-ВДВ") шақырту алды. Әмірбеков ЖХЛ-дегі ең мықты қақпашылардың бірі.
Оның көрсеткіштері өте жоғары. Жарақат алған қақпашылар орнына жоғарыда аталған хоккейшілеріміз шақырту алуы мүмкін. Дегенмен нақты ойыншылар мен қақпашылар тізімі әлем чемпионаты алдында ғана белгілі болады.
Айта кетейік, хоккейден әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында (Хернинг, Дания) өтеді. Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетіп, Швейцария, Чехия, Дания, Норвегия, АҚШ, Германия және Венгриямен кездеседі.