Жазғы туризм: Қазақстандықтар қай елдерге еркін кіре алады

7779

Сыртқы істер министрлігі тізім жариялады. 

Жазғы туризм: Қазақстандықтар қай елдерге еркін кіре алады

Сытқы істер министрлігі Қазақстан азаматтары үшін тікелей халықаралық әуе рейстерін қайта ашқан елдерге кірудің тәртібін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

Құжатта қайта ашылған тікелей рейстердің тізімі мен кіру тәртібі 2 маусымдағы жағдай бойынша жасақталғаны айтылған. Алайда ереже бүгін, яғни, 19 шілде күні жарияланып отыр. 

Сонымен, Қазақстан үшін тікелей әуе рейстерін қайта ашқан мемлекеттердің тізіміне 16 ел кіріп отыр. Олар:  Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Мысыр, Нидерланд, Оңтүстік Корея, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина, Шри-Ланка, Грузия, Польша.

Беларусь пен Қазақстан кедендік және экономикалық одақтас болғандықтан, азаматтар визасыз режимде қатынай алады. Яғни бұл елге бару үшін виза ашқызудың қажеті жоқ. Дегенмен, дәл қазір панедмия өршіп тұрғнадықтан, өзіңізбен бірге мерзімі 72 сағаттан аспаған (3 тәулік) COVID-19 анықтамасы қажет. Біріккен Араб Әмірліктеріне де қатынау визасыз режим арқылы жүзеге асады. Мұнда Дубай әуежайы арқылы кіруге болады. Мерзімі 72 сағаттан аспаған COVID-19 анықтамасы ағылшын немесе араб тілінде рәсімделген болуы керек. Әуежайдан ел аумағына кірердің алдында медициналық декларация толтыру керек. Бұл елде ең ұзаса, бір ай ғана бола аласыз. Ұшып келген азаматтардың кері қайтатын билетінің мерзімі 30 күннен аспағаны қатты қадағаланады. Сыртқы істер министрлігі Әмірліктерде маска тақпай жүргеніңіз үшін 274 доллар айыппұл төлейтініңізді ескертеді. БАӘ арқылы транзитпен қатынау жағында ешқандай кедергі жоқ.

Ал Германия аумағындағы шектеулер қашан жойылатыны әзірге белгісіз. Сондықтан бұл елге демалу үшін барған болсаңыз, күніңіздің көбі оқшауланған шектеулермен өтуі мүмкін. COVID-19 анықтамасының мерзімі 48 сағаттан аспауы керек. Анықтама ПТР-тест типіндегі тексерулер қорытындысы бойынша жасалған болуы керек. Мұнда сырттан келген адамдар 14 күн карантинге алынады. Бірақ 5 күннен кейін вирусқа тест тапсырып, ағзаңыздың таза екендігі дәлелденсе, оқшаулаудан босауға болады.

Мысыр еліне қазақстандық ретінде кіру үшін COVID-19 анықтамасы мен визаңыз болуы керек. Мұнда да қоғамдық орындарда медицналық маскамен жүру міндетті.

Нидерланд королдігінде де белгісіз мерзімге шектеулер қойылғанымен, әуежайлар ашық. Қазақстандықтардан бұл елде COVID-19 анықтамасы талап етіледі. Бұл сатыдан сәтті өтсеңіз, 10 күндік үй карантинінде оқшаулануыңызға тура келеді.

Рейске отырар кезде денсаулық туралы декларацияны толтыру қажет. Қоғамдық көліктерде, сондай-ақ Амстердам және Роттердам қаласының кейбір жерлерінде бетперде тағып жүру міндетті. Айыппұл көлемі – 95 еуро.

Ал қоғамдық орындарда 1,5 м арақашықтық сақтамағандарға 390 еуро айыппұл салынады.

Түркия әуежайлары қазақстандықтар үшін ашық. COVID-19 анықтамасының мезімі 72 сағаттан аспауы керек. Мұнда да 14 күндік карантин бар. Ел аумағына кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисі болуы қажет. Терминал мен ұшақтарда медициналық маска кимеген жолаушылар терминал мен ұшаққа жіберілмейді және 123 АҚШ доллар көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Терминалға кіре берісте жылу камералары арқылы дене қызуыңыз өлшеніп, 37,8 градустан жоғары болса немесе COVID-19 белгілері байқалса, арнайы медорталықтарда тест жасатуға міндеттелесіз. Бұл тест тегін жасалады және нәтижелері 1-3 сағатта шығады. Егер тест нәтижесі оң болса, жолаушы жеке ауруханаға жіберіледі. Егерде "ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, оқшаулау жеткілікті (14 күн)" деген қорытынды айтылса ,жолаушы өзі тұратын қонақүйге немесе үйіне бара алады. Жолаушылар қонақүйлерде науқастар үшін арнайы дайындалған оқшаулау бөлмелерде емделуін жалғастыра алады.

Гурзия мен Польшада да қазақстандықтар үшін әуежайлар ашық. Мерзімі 72 сағаттаған аспаған COVID-19 анықтамасымен ел аумағына еркін кіре аласыз.

Өзбекстанға барушы қазақстандықтар да мерзімі 72 сағаттан аспаған COVID-19 анықтамасын алып кіруі қажет. Соған қарамастан Өзбекстан аумағында  COVID-19 індетіне қатысты тест тапсыру керек. 14 күндік карантин мұнда да бар. Ал Өзбекстан аумағына кұрлықтық шекарадан келген шетелдіктер үшін елдегі барлық шектеулер күшінде болады.

Өзге елдерге кіру тәртібі төмендегі кестеде берілген.

Есжан Ботақара


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу