Жеңілдетілген автонесиемен 2 116 көлік сатылды

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
27587

Автоәуесқойлар көлік сатып алуға 341 млрд теңге жұмсады.

Жеңілдетілген автонесиемен 2 116 көлік сатылды

Отандық автоөндірушілер соңғы 7 айда 24 687 автөкөлік құрастырды. Бұған 171,3 млрд теңге жұмсалды.

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының дерегінше, көлік өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,6%-ға артық болды.

"Жеңіл автокөлік өндірісі 38,1%-ға ұлғайып, 22 280 бірлікті құрады. Автобус құрастыру көрсеткіші 4 есе өсіп, қолданысқа 754 автобус берілді. Есептік кезеңде 1 196 бірлік жүк көлігі мен 422 тіркеме құрастырылды. Ал арнайы техника өндірісі 83 бірліктен 35 бірлікке азайды", – деп хабарлады одақтың баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, биыл "ҚазАвтоӨнеркәсіпке" қарасты кәсіпорындардың автонарықтағы үлесі 56,7%-ға жеткен. Былтыр бұл көрсеткіш 47,6%-ды құраған. Ал ел азаматтары Қазақстанда құрастырылған "темір тұлпарды" тақымдау үшін 341 млрд теңге жұмсаған.

"АЗИЯ АВТО" АҚ сату үлесінің 54%-ын иеленіп, 11 965 көлік өткізді. "СарыарқаАвтоӨндіріс" ЖШС сату көрсеткішін 41,4%-ға жеткізіп, 9 179 көлік сатты. "СемАЗ" ЖШС - 404, "КАМАЗ-Инжиниринг" - 361, "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС -145, "Hyundai Trans Auto" ЖШС - 103 көлік өткізді", – деді "ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақтан автокөлік саласы кәсіпорындары одағы стратегиялық жоспарлау бөлімінің директоры Артур Мискарян.

Оның сөзінше, соңғы 7 айда жеңілдетілген несиемен 2 116 автокөлік сатылды.

"Автоөндірушілер еліміздің жалпы ішкі өнімін 171,3 млрд теңгемен толықтырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда +50,6% көп көрсеткіш. Шілде айында қазақстандықтар 58,5 млрд теңгеге 6 465 автокөлік сатып алды. Бұл соңғы 3 жылдағы ең жақсы нәтиже", – деді бөлім басшысы.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу