Atameken Business Channel алаңында

46284
Atameken Business Channel  алаңында

ABCTV.kz-те Қазақстанның стратегиялық тұрғыда қалай дамитыны сөз болды.

2017 жылдың 27 қарашасы күні ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, «Атамекен» КҰП, экономистер және сарапшылар 2025 жылға дейінгі Қазақстанның стратегиялық даму жоспарына қатысты ашық диалогқа қатысты.

Ашық диалог барысында ұлттық экономика министрі сарапшылармен 2025 жылға дейінгі Қазақстанның стратегиялық даму жоспарының жобасын ұсынды, сондай-ақ білім беру саласын дамыту үшін үкімет жеке инвесторларды көптеп тартуға ниетті екенін айтты.

«TALAP» қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рақым Ошақбаев іс шараның модераторы болды. Пікірталасқа «Назарбаев университет» ААҚ вице-президенті Қанат Байғарин, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин, ҚР «Атамекен» КҰП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Жарас Ахметов, зерттеу және консалтинг орталығының серіктесі Әнуар Боранбаев, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» ҚҚ директоры Меруерт Махмұтова, «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, қолданбалы экономика зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Құлекеев, стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов қатысты.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу