Аспан астындағы музей балықшының өмірін көз алдыңа әкеледі

4262

Аспан астындағы көрмеде балық шаруашылығына қатысты көптеген құнды жәдігер бар.

Арал қаласындағы «Балықшылар» музейі үлкен үш бөліктен тұрады. «Кемелер», «Балықшылар» залы және ашық аспан астындағы музей көрмесі.

Inbusiness.kz тілшісі XIX ғасырдағы орыс архитектурасы негізінде салынған музейдің жұмысымен танысып, ашық аспан астындағы музейінен арнайы фоторепортаж жасап қайтты.

Көрмеде төрт кеме және балық шаруашылығында пайдаланылған ат шана, түйе шана, қайық, шығыр және Арал балықшыларына сыйға тартылған токарьлық станок, сондай-ақ, порт жағалауындағы көтерме жүк крандары орналасқан.  

«Төлеген Тоқтаров» атындағы катер. 1954-1983 жылдар аралығында Арал балық шаруашылығының басшылары пайдаланған.

«Төлеген Әлімбетов» атындағы катер. Арал теңізінде төтенше жағдайлар кезінде балық комбинатының басшылары пайдаланған.

Аспан астындағы музей балықшының өмірін көз алдыңа әкеледіАспан астындағы музей балықшының өмірін көз алдыңа әкеледі 

Ат шана – балықшылардың қыс мезгілінде пайдаланған көлігі.

Ағаш қайық – балықшылардың балық аулайтын қайығы.

Токарьлық станок – 1921 жылы РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.Лениннің Арал балықшыларына ризашылықпен сыйға берген станогы. Станок 30 жылдан астам кеме жөндеу шеберханасының дамуына қызмет етті.

Түйе шана – балықшылардың қыз мезгілінде пайдаланған көлігі.

Шығыр – қыс мезгілінде балықшылар балық аулайтын құрылғы.

Лев Берг кемесі – Арал теңізін ғылыми-зерттеуге арналған кеме. Кемеде 1974 жылға дейін ғылыми-зерттеу лаботориясы жұмыс істеген.

Аралрыбпром катері – 19 ғасырдың 70 жылдары Арал теңізінде кезекші қызметін атқарған.

- «Балықшылар» музейі Аралдың болмысы іспеттес. Құрылғанына он жылдан астам уақыт болған мұражай ғасырлар бойғы теңіздің мұңлы тағдырынан, бұрынғы балықшыларлардың тіршілігінен сыр шертеді. Музейге келушілердің қарасы қалың. Тіпті, өңірге ат басын бұрған кез келген турист мұражайдан айналып өтпейді. Ашық аспан музейіндегі ат шана, ағаш қайық, түйе шана, шығыр, секілді құнды жәдігерлер сол заманның батырлары – балықшыларды еске түсіреді. Одан өзге де жәдігерлерді, суреттерді көріп, теңіз жағалауында өткен мұңсыз балалық шаққа қайта оралғандай сезімге бөленеміз.

Аспан астындағы музей балықшының өмірін көз алдыңа әкеледіАспан астындағы музей балықшының өмірін көз алдыңа әкеледіАспан астындағы музей балықшының өмірін көз алдыңа әкеледі 

Арал тағдыры – тек біздің ғана емес, күллі әлемнің мәселесі. Бүгінде мұражайға келушілердің көп бөлігі – жастар. Мұндай ауқымды мәселені назардан тыс қалдырмай, мұра болып қалған қазыналарға қызығушылық танытқан жас буыннан өлкесін жан тәнімен жақсы көретін, патриоттар шығатыны анық, - дейді Арал қаласының тұрғыны Жайшылық Елешов.

Балықшылар өмірінен сыр шертетін балықшы ауылының көрмесі музейге келушілерді тәнті етеді. Тіпті, дәл осы кереметті көру үшін шетелден келетін туристер мен журналистер бар. Этнокөрмеде балықшы арбасы, балық салынған кендір қаптар, сүзекі, шанышқы, сүймен, қабадан (жаз мезгілінде ауланған балықтарды салатын тор), мардан (шиден тоқылған қапшық), зәкір (қайықты жағалауға бекіту құралы) және балықшы аулары төбе көрсетеді. Осылайша, аспан астындағы музей балықшының өмірін көз алдыңа келтіретіндей. Бейне-бір сол дәуірде өмір сүргендей сезім сыйлайды. Ең бастысы, құнды жәдігерлердің бір жерге топтастырылып, тарихтан сыр тартып тұрғаны – үлкен қуаныш.

Бұған дейін «Балықшылар» музейі: Кеме ішіндегі кереметтер» атты фоторепортаж сайтымызға жарияланған болатын.

Фотоларды редакцияның жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға болмайды!

Рыскелді СӘРСЕНҰЛЫ,

Фото: Автордыкі

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу