Қасым-Жомарт Тоқаев енді сайланған Қазақстан Президенті ретінде қызметіне кірісті

75316

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салар болсақ, 2019 жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс мемлекет басшысының сайлауы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың басым бөлігінің сеніміне ие болды, оны 6 539 715 сайлаушы немесе 70,96%-ы қолдаған. Екінші орында дауыс саны бойынша  «Ұлт тағдыры»  қозғалысы атынан сайлауға түскен Әміржан Қосанов орналасқан. Оған сайлаушылардың 1 495 491-і немесе 16,23%-ы дауыс берген. Ал үшінші орынға «Ақ жол» демократиялық партиясының кандидаты, жалғыз әйел үміткер Дания Еспаева жайғасты. Ол сайлаушылардың 465 714-інің дауысына немесе 5,05%-ына ие болған.

«Біздің азаматтарды билік пен қоғам арасындағы диалог қатты толғандырады.  Мұндай диалог пікірлердің әр алуандығын мойындау негізінде құрылуға тиіс. Әртүрлі пікір, алайда біртұтас ұлт – басты бағдар болу керек. Сондықтан ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды шештім. Кеңеске жастарды қоса алғанда барлық қоғам өкілдері кіреді», – деді Тоқаев сәрсенбі күні ұлықтау салтанатынан кейін.

Президент қоғамдық сенім кеңесінің бірінші жиналысы биылғы жылдың тамызында өтетінін айтты.

«Билік халық алдында берген уәдесін орындау керек, оның басты миссиясы да осында жатыр. Тек осылайша ғана ұлттың бірлігін нығайтуға болады», – деді ол.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлауға келген сайлаушылар саны 77,4% болған. 

Қазақстан Президенттігіне кандидат  ретінде жеті үміткер қатысуда. Олар – қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев (Nur Otan партиясы атынан), мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков (Қазақстан Коммунистік халық партиясы), мәжіліс депутаты Дания Еспаева («Ақ жол» партиясынан), қоғам қайраткері, журналист  Әміржан Қосанов («Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалыс),  «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ҰАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков («Ауыл» партиясы атынан), жазушы Садыбек Түгел («Ұлы дала қырандары» РБҰ) , экс-депутат, Батыс Қазақстан облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Амангелді Таспихов (Қазақстан кәсіподақтар федерациясы атынан).  

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы 9 сәуір күні мәлім етті. Бұдан бұрын, 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін доғару туралы мәлім етіп, тиісті жарлыққа қол қойған болатын. ҚР Конститутциясы бойынша ҚР Президентінің өкілеттігі  сол кездегі Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшті.

Карина Алимова

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу