Кеңесте келісім болса...

38041
Кеңесте келісім болса...

Нұрсұлтан Назарбаев ЖЕЭК отырысына қатысты.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысына қатысты.

Сондай-ақ кездесуге Армения президенті Серж Саргсян, Белорусь елінің президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон және ЕЭК алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты. Кездесуде 2015-2016 жылдардағы ЕАЭК халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру туралы баяндама тыңдалды.

Отырыс барысында тараптар ЕАЭК аясында экономикалық қарым-қатынас жасау, халықаралық қарым-қатынас және еуразиялық кеңістіктегі интеграция  мәселелерін талқылады. Елбасымыз ЕАЭК өзінің аяққа тұру кезеңінде жаһандық экономикалық дағдарыспен бетпе-бет келіп, күрделі геосаяси жағдайда барлық сын-тегеуріннен өткенін ерекше айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев баса айтып кеткендей, өткен жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттердің басым бөлігінде экономикалық көрсеткіштерінің артқаны байқалды. Биылғы жылдың алғашқы айларының қорытындысы бойынша ЕАЭК-тың сыртқы сауда көлемі 37%-ға артса,өзара саудасы 38%-ға ұлғайды. 

Кеңестің кең құрамды отырысында елбасымыз үш жыл бұрын Астанада қол қойылған ЕАЭК Келісімінің орындалу барысына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭК елдерінің экономика және қаржы министрлерінің, сондай-ақ Орталық банк басшыларының кеңесін құру жөніндегі Қазақстанның ұсынысын ерекше атап өтті.

Отырыс барысында ЕАЭК мемлекеттерінің 2017-2018 жылдардағы макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттары бекітілді. Бұл құжатта макроэкономикалық ахуалды жақсарту, корпоративті секторды инвестиция көлемін арттыруға және шикізаттық емес экспортты дамытуға ынталандыру жөніндегі шаралар қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ЕАЭК, оның мүшелері және Иран арасында еркін сауда аймағын құру бойынша уақытша келісім қабылданды. Одан бөлек, мемлекет басшылары Молдова Республикасына Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы-мемлекет мәртебесін беру туралы ұсынысты талқылады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу