Осы жайқа орай Германияның жетекші экономистері қатаң реакциясын білдіріп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еуропалық экономикалық зерттеулер орталығының президенті Ахим Вамбахтың сөзінше, мұның зияны оңай болмайды. Тіпті, АҚШ экономикасына әсері қатты тиеді.
– Экономикалық салдары айтарлықтай, әсіресе америкалықтар үшін. Бағалар мен инфляция өседі, рецессия ықтималдығы артады. Саяси белгісіздіктің жоғары болуына байланысты компаниялар АҚШ-қа инвестиция салудан тартынады. Бұл баж салықтары АҚШ ұлттық экономикасын әлсіретеді, – деп санайды ол.
АҚШ-пен қатар, бұл баж салықтары еуропалық елдерге де қатты соққы болады. Мысалы, Германияның АҚШ-қа экспорты шамамен 20%-ға қысқарады.
– АҚШ-қа экспорт неміс экспортының шамамен 10%-ын құрайды, қалған 90%-ы басқа елдерге бағытталған. Сонымен бірге үшінші елдердегі компаниялар өз экспортын қайта бағыттап, Еуропалық Одаққа көбірек тауар жеткізе бастайды, бұл жалпы алғанда бағаның төмендеуіне әкеледі, – деп қос кетті Вамбах.
Ал Commerzbank-тың бас экономисі Йорг Кремер Трамптың шешімін "экспорттық ел ретінде Германия үшін қолайсыз" деп бағалайды.
– АҚШ-қа неміс экспортына салынатын баж салығы Трамптың екінші президенттік кезеңіне дейінгі кезеңмен салыстырғанда орта есеппен 20 пайыздық пунктке өседі деп болжануда. Бұл Германияның жалпы ішкі өнімін 2 жыл ішінде шамамен жарты пайызға қысқартады, – дейді ол.
ING банкінің бас экономисі Карстен Бжески АҚШ президентінің шешіміне әріптестеріне қарағанда "1930 жылдар қайта оралды" деп өте қысқа пікір білдірді.