Мүгедек көршісі үшін шұрық-тесік жолды жөндеп берген тұрғынның ісі көпшілікті сүйсінтті

2673

Мүмкіндігі шектеулі жанның көршілері жергілікті биліктен көмек сұрап, үндеу жариялаған.

Мүгедек көршісі үшін шұрық-тесік жолды жөндеп берген тұрғынның ісі көпшілікті сүйсінтті Фото: видео скриншот

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі көршісінің арбамен шұрық-тесік жолмен баласын балабақшаға апарып жүргенін көрген ер адам жолды өз бетімен жөндеп берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін әйелдің көршілері жергілікті биліктен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Видеода олар Ақтаудың 14-ықшамауданындағы 47-ғимараттан жақын маңдағы балабақшаға дейінгі шағын аумақты жөндеуді сұрайды.

Көршілерінің айтуынша, бұл аумақта жаяу жүргіншілер жолы жоқ. Сондықтан әйелге мүгедектер арбасымен тікелей жол бойымен жүруіне тура келеді. Бұл оның да баласының да өміріне қауіп төндіреді.

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жолдың бұл бөлігін жөндеуге уәде берген.

Алайда 14 ықшамаудандағы №45 үйдің тұрғыны әкімдікті күтіп отырмай, мүмкіндігі шектеулі әйел тұратын №47 үйдің жанындағы жолдағы шұңқырларды өз бетімен жөндеуге кіріскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу