Мьянмадағы жер сілкінісінің болжамды себебі айтылды

519

Ғалымдар Live Science басылымына берген сұхбатында Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жер сілкінісінің себебін 2023 жылы Түркияда болған жойқын жер сілкінісімен салыстыра отырып түсіндірді.  

Мьянмадағы жер сілкінісінің болжамды себебі айтылды Фото: РБК

Мьянмада 28 наурыз, жұма күні магнитудасы 7,7 және 6,4 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Стэнфорд университетінің геофизика профессоры Грегори Бероза Live Science басылымына берген сұхбатында: "Бангкок Мьянмадағы апат аймағынан айтарлықтай қашықта орналасқанымен, жер сілкінісі өте қуатты болды және оның осы қашықтықта сезілгені таңқаларлық емес", – деп мәлімдеді.

Мичиган университетінің геология профессоры Бен ван дер Плюймнің айтуынша, Мьянма Гималайдың оңтүстігінде орналасқан және бұл аймақ сейсмикалық белсенділігімен танымал, онда күшті жер сілкіністері жиі болады.

"Мұның себебі – Үнді субконтиненті соңғы 100 миллион жыл бойы солтүстікке қарай жылжып келе жатқан Үнді тақтасында орналасқан. Бірақ шамамен 40 миллион жыл бұрын Үндістан Еуразиялық тақтаға қосылып, солтүстікке қарай жылжуды жалғастырды", – деп түсіндірді Бен ван дер Плюйм.

Профессор соңғы рет магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісінің күшті болғаны соншалық, жердің көлденеңінен бірнеше метрге ауысуы таңғалдырмайтынын айтты. "Бұл шынымен де қуатты жер сілкінісі. Мұндай жағдайлар жиі бола бермейді", – деді ол.

Йель университетінің жер сілкінісі және жер құрылымы бойынша маманданған профессоры Джеффри Парктың айтуынша, жер сілкіністері таяз болғандықтан, оларды 2023 жылы Түркияны дүр сілкіндірген 7,8 және 7,5 балдық жер сілкіністерімен салыстыруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу