Ауғанстанда шенеуніктерге суретке түсуге және сұхбат беруге тыйым салынды

411

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясының билігі жергілікті шенеуніктерге БАҚ өкілдеріне суретке түсуге және бейне сұхбат беруге ресми түрде тыйым салды. 

Ауғанстанда шенеуніктерге суретке түсуге және сұхбат беруге тыйым салынды Фото: www.dailysabah.com

Бұл туралы Ауғанстан журналистика орталығы (AFJC) хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Орталықтың мәліметінше, Ауғанстандағы "Талибан" уақытша үкіметінің БАҚ бостандығына қарсы әрекеттері артып келеді.

– Бұл тыйым өте алаңдатады, өйткені Нангархар мұндай шектеулерді енгізген бесінші провинция, – делінген хабарламада.

Қауіпсіздік мақсатында аты-жөнін жариялағысы келмеген Нангархардағы БАҚ басшысы бұл бұйрықты жергілікті шенеуніктерге облыс әкімінің орынбасары Азизулло Мұстафа бергенін хабарлады.

Провинцияның ақпарат және мәдениет департаментінің директоры Куреши Бадлун 12 қарашада ресми тұлғалар мен жергілікті БАҚ жетекшілеріне бұйрық туралы WhatsApp арқылы хабарлаған.

Сондай-ақ, Нангархар губернаторының орынбасары провинциядағы барлық шенеуніктерге енді жаңалықтарды тек жазбаша түрде бұқаралық ақпарат құралдарына беруді бұйырды. БАҚ-та тек мемлекеттік ғимараттарды, жарнамалар мен логотиптерді пайдалануға рұқсат етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу