Солтүстік Қазақстанда атасы немересін қыдыртуға алып шығып, өлтіріп алған

1379

Қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні сағат 10.30 шамасында Аққайың ауданында болған. 

Солтүстік Қазақстанда атасы немересін қыдыртуға алып шығып, өлтіріп алған Фото: freepik

Атасы мен немересі мінген квадроцикл аударылып, салдарынан кішкентай бала көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында "POLARIS" маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған. Салдарынан қасында отырған 4 жасар бала жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға түсті, өкінішке орай, көп ұзамай бала көз жұмды. Квадроциклдің жүргізушісі де орталық ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу